Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса жұбайымен арақатынасы жайлы ағынан жарылды.
Боксшының әйелі әлеуметтік желіде оқырманның “Ажырасып кетпей, қалай шыдадыңыз?” деген сұрағына жауап берді.
“Ет пен сүйектен жаралған адам болғасын әсер етпей қоймағаны рас. Ол қыздың ойдан шығарылған қиялы үшін емес, елдің жазған хаттары ауыр тиді. Кім екенін көріп, өмір салтын түсінгесін көңілім орнына түсті. Жала жауып отырған ер азаматы жалғыз Жанқош емес екен. Ондай еркектер көп екен, ол қыз арыз жазып жүрген. Алла сана берсін дейміз. Әр нәрсенің қайыры бар. Үлкен сабақ болды. Екеуіміздің бір-бірімізге деген сыйластығымызды арттырды. Ешкім ажырасудан сақтандырылмаған. Тағдырда бар болса, қашып құтыла алмайсың. Өмір онымен тоқтап қалмайды. Адам неден қатты қорықса, соған тап болады. Сол үшін тек жақсы нәрсе ойлауға тырысыңыз”, – деп жазды Клара Иса.
Еске салсақ, бұған дейін Жанқош Тұраровтың келіншегі ажырасқан әйелдерді түсіне бастағанын айтып, жазба жариялағанын жазған едік. Блогер әйел адамның жеке табысы мәселесін көтеріп, өзіне қолдау білдіруді сұраған.