
Бұл жолы олар балаларға таласып қалды.
Әнші Шакира мен "Барселонаның" бұрынғы ойыншысы Жерар Пике бір кездері әлемдегі ең жарасымды жұптардың бірі болған еді. Алайда 2022 жылы олар жанжалмен ажырасып кетті. Арада жылдар өтсе де, бұрынғы ғашықтар арасындағы шиеленістің тоқтайтын түрі жоқ.
Бұл жолы экс-футболшы мен танымал әнші ортақ балаларының кімде қалатынын шеше алмайқ әлек. Шакира гастрольдік сапарға аттанған уақытта Пике ұлдарының жанында болу үшін Майамиге көшуге дайындалған. Тіпті, сүйіктісін Барселонада бірнеше айға жалғыз қалуға көндірген.
Бастапқыда Шакира бұрынғы күйеуінің ұсынысын қабылдағанымен, кейін ойынан айнып, балаларды өзімен бірге алып кетуге шешім қабылдады. Қазір бұл мәселеде қос тарап арасында қызу келіссөздер жүріп жатыр, бірақ ешқайсысы ымыраға келуге дайын емес.