
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне жаңа ермегін көрсетті. Ол қозғалмалы нысанаға оқ атуды меңгеріп алды.
“Өмірімде алғаш рет байқап көрдім. Қызықты сияқты”, – деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өнер иесі атуды үйреніп жатқан сәтінен бейнежазба жариялап, жанкүйерлерін таңқалдырды. Ол қозғалмалы нысанаға дәл тигізіп, инструктордың ерекше мақтауына ие болды. Маман “Талантты адам – барлық істе талантты” деп жоғары баға берді.
Бұл пікірмен Димаштың жанкүйерлері де келісе кетті. Олар видеоға әртүрлі тілдерде пікір қалдырып, әншінің кез келген салада шеберлігін дәлелдей алатынын атап өтті.
“Біздің ерекше әрі романтикалық қазақ жігіті!”
“Бірінші рет үшін тым жақсы нәтиже!”
“Димаш, браво!”
“Сені көргенімізге қуаныштымыз! Сен не істей алмайсың? Бізді әрдайым таңқалдырсаң!”
“Қолынан келмейтіні жоқ”
Димаштың жан-жақтылығы тағы да жанкүйерлерінің жүрегін жаулап алды.