Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Диего Шварцман мансабын аяқтады: енді отбасылық өмірге ден қоймақ (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі
14.02.2025, 21:45

Көп ұзамай спортшы отбасын құруды жоспарлап отырған көрінеді. 

Диего Шварцман мансабын аяқтады: енді отбасылық өмірге ден қоймақ (ФОТО)
sportmk.ru

Аргентиналық теннисші Диего Шварцман кәсіби спорттағы мансабын ресми түрде аяқтады.

Буэнос-Айрестегі өткен соңғы турнирінде ол Педро Мартинеске 2:6, 2:6 есебімен жеңілді. Кездесу небәрі 1 сағат 19 минутқа созылды.

Шварцман спорттық мансабында АТР турнирлері аясында төрт рет жеңіске жетті. Ролан Гарростың жартылай финалында өнер көрсетті. Әлемдік рейтингте 8-орынға дейін көтерілген.

15 жылға созылған спорттық мансабынан кейін енді жеке өміріне көбірек уақыт бөлмек. 2024 жылдың маусымында сүйіктісі Эухенияға ұсыныс жасаған теннисші алдағы уақытта отбасы мен үйлену тойын жоспарлауға көңіл бөлмек.

Кәсіби теннистегі кестеге сүйенбей өмір сүру оған жаңа кезеңнің бастауы болса, болашақ жары үшін бұл тойға толықтай дайындалудың тамаша мүмкіндігі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір