Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Интернеттегі ең үздік әке»: Атақты рестлер әдемі биімен жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
26.02.2025, 02:35

Голливуд жұлдызы қыздарымен бірге Тиктокта танымал биді орындады. 

«Интернеттегі ең үздік әке»: Атақты рестлер әдемі биімен жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)
korrespondent.net

Америкалық актер, бұрынғы кәсіби рестлер Дуэйн Джонсон керемет әке екенін тағы бір рет дәлелдеді. Голливуд жұлдызы жуырда жанұясымен бірге билеген видеосын жариялап, жұртты тамсандырды. 

Джонсон тоғыз жасар Жасмин және алты жасар Тиана есімді қыздарымен бірге әлеуметтік желілерде танымал болған TikTok биін орындады.

«Менің кішкентай торнадоларым: «Әке, бізде билеуге екі-ақ минут бар!» дегенде...» – деп видеоға көңілді жазба қалдырды актер.

Тәнті болған желі қолданушылары пікірлерін аямай, үлгілі әкеге жылы лебіздерін жаудырды. 

«Неткен керемет видео! Әкесі де, қыздары да бақытты», «Үлгілі әке», «Интернеттегі ең үздік әке!»  «Қандай ірі болса да, қимылдары керемет». 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір