
АҚШ президенті Дональд Трамптың 2025 жылы тұрақты түрде гольф ойнауы мемлекет бюджетін айтарлықтай шығынға ұшыратты. Huffington Post мәліметінше оның гольф алаңдарындағы ойындарына шамамен 18 миллион доллар жұмсалған.
Жаңа президенттік мерзім басталғалы бері Дональд Трамп 48 күннің ішінде 13 рет гольф ойнаған. Ол өз достарымен бірге арнайы әуе рейсі – борт нөмірі бірінші арқылы жеке Мар-а-Лаго резиденциясына келеді.
Трамптың Флоридадағы резиденциясына баруы кезінде онымен бірге үлкен қауіпсіздік шаралары қабылданады. Президенттің автокеруені әскери жүк тасымалдаушы ұшақтармен жеткізіледі. Сонымен қатар, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пулеметтермен жабдықталған полиция катерлері мен жағалау күзеті кемелері жұмылдырылады.
Қосымша шығындар жарылғыш заттарды анықтауға арналған кинолог қызметтеріне де бөлінеді. Бұл шаралар Трамптың гольфқа деген әуестігі АҚШ қазынасына айтарлықтай ауыртпалық түсіретінін көрсетеді.