
Ауқымды шара Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын алабында ерекше шара өтті. Қаладағы «Геолог» мәдениет үйінің «Шолпы» клубы ұйымдастырған шараға 100 ене мен 100 келін қатысып, дәстүрімізді жаңғыртты.
Әжелер кимешек киіп, ал жас келіндер орамал тартып, ұлттық киімнің маңыздылығын көрсетті.
"Былтыр біз тек 100 әжені керуенге шығардық. Биыл оларға 100 келін қосылды. Ал келесі жылы керуенге 100 немере қатысады деп жоспарлап отырмыз.
"Наурызнама тұжырымдамасының бірінші күні – Көрісу күні осылайша қайта жаңғырып жатыр. Бұл тек бір реттік шара емес, оны дәстүрге айналдыруымыз керек. Ұлттық киімді тек мерекеде ғана емес, күнделікті киіп жүруге болады," – деді «Дәстүрге жол» аналар кеңесінің мүшесі Бибігүл Әбдішүкірқызы.