«Реал» – «Ювентус» және «Айнтрахт» – «Ливерпуль» матчтарына талдау — Olimpbet аналитикасында.
«Реал» клубы «Ювентусқа» қарсы. Olimpbet сарапшылары «корольдік клубты» «қарт синьорамен» кездесуде айқын фаворит деп санайды. Олардың пікірінше, мадридтіктердің екі гол айырмасымен жеңіске жету ықтималдығы, туриндіктердің ұтылмай қалу мүмкіндігінен жоғары.
«Галактикос» ЧЛ–2025/26 маусымын сенімді бастады: «Марсель» және «Қайратқа» қарсы екі матчта да жеңіске жетіп, алты ұпай жинады. Ал «Ювентус» Дортмундтың «Боруссиясымен» және «Вильярреалмен» тең ойнап, бар болғаны екі ұпай еншіледі.
Сондықтан «қара-ақтардың» «ақтардан» төрт ұпай айырмасымен қалып отырғаны түсінікті. Тіпті жеңіске жеткен күннің өзінде «Юве» турнир кестесінде «Реалды» қуып жете алмайды.
Бұған қоса, қос қарсылас кездесуге мүлде басқа көңіл-күйде келіп отыр. Хаби Алонсоның командасы өткен демалыста «Хетафені» (1:0) жеңіп, Примерада көш басындағы орнын сақтап қалды.
Ал Игор Тудор жаттықтыратын ұжым маусымдағы алғашқы жеңілісін сезінді — А сериясының жаңа командасы «Комо» сенсациялық түрде 2:0 есебімен тізе бүктірді. Жалпы, туриндіктердің маусымы сәтсіз өтіп жатыр: олар Италия чемпионаты кестесінде жетінші орында келеді.
Статистика да испан алыптарының жағында. Бұған дейінгі кездесулерде «Реал» 13 рет, «Ювентус» 10 рет жеңген. Бар болғаны екі матч тең аяқталған.
Ең қызығы — соңғы төрт кездесудің екеуінде «корольдік клуб» өз алаңында «қарт синьораға» есе жіберген, тек біреуінде ғана жеңіске жеткен.
Соған қарамастан, Olimpbet сарапшылары мадридтіктерге айқын басымдық береді — есеп бойынша да, бұрыш соққылары бойынша да. «Сантьяго Бернабеуда» кемінде он корнер болады деп болжайды.
Майндағы Франкфуртте де қызық ойын күтілуде: жергілікті «Айнтрахт» «Ливерпульді» қабылдайды. Бірақ, Olimpbet Arena жазғандай, мерсисайдтықтар бесінші рет қатарынан жеңілістен қашып құтыла алмауы мүмкін.
ЧЛ–2025/26 жалпы кезеңінің кестесінде олар қарсыласынан төмен тұр. Екі команда да тең ұпай жинағанымен, «қызылдар» «бүркіттерден» соғылған гол саны бойынша қалып отыр (3:3 қарсы 6:6).
Оған қоса, матч Германияда өтеді — ал ағылшын клубтары бұл елде әдетте қиындық көреді. «Ливерпуль» де Франкфурттегі жалғыз кездесуде «Айнтрахтты» ұта да, гол соға да алмаған. Ол 1972 жылдың қыркүйегінде өткен 0:0 есебімен аяқталған матч болатын.
Дегенмен неміс «бүркіттері» де дағдарысты бастан кешіп жатқандай. Өткен турда олар «Атлетикодан» 1:5 есебімен ойсырай жеңілді, ал Бундеслигада соңғы бес матчтың біреуінде ғана жеңіске жетіп, турнир кестесінде жетінші орынға түсіп қалды.
Әрине, «Ливерпуль» бір күні қайта серпілері сөзсіз. Тек Арне Слот жаттықтыратын команда үшін бұл қашан болатыны әзірге белгісіз.
Olimpbet сарапшылары «скаузерлер» бұл ойында қарсыластың қақпасына кем дегенде екі доп соғады деп сенеді. Ең ықтимал гол авторы — мысырлық шабуылшы Мұхамед Салах деп болжануда.