Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қар жауып, аяз болады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Сарапшы, спорт журналисі

"Қазгидромет" РМК 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бұл күні бірқатар өңірде аяз бен қар аралас жаңбыр болатынын хабарлап, ескерту жариялады.

Қар жауып, аяз болады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
Сурет: ашық дереккөздерден

Түнде және күндіз Жетісу облысының батысында, орталығында жаңбыр жауады, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ауа температурасы 5 қарашада -6 градусқа дейін суық болады, таулы аудандарда сынап бағаны 8-13 дейін, 6 қарашада одан ары күрт төмендейді. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, шығысында тұман түседі.

Қарағанды қаласында 4 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Оған қоса синоптиктер көктайғақ болатынын хабарлады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен жел соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 23 м/с-қа дейін жетеді. Жолдарда көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүгінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтілуде. 5 қарашада түнде сынап бағаны -5-тен -10 градусқа суықты көрсетеді. 6 қарашада одан ары төмендейді. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында қар аралас жаңбыр, тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандандарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді. Сынап бағаны күндіз +8 градусқа дейін төмендеп, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 0 градус болады.

Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Ауа температурасы 5 қарашада түнде -5 градусқа, облыстың солтүгінде, таулы аудандарында температура -8 градусқа дейін күрт төмендейді. 6 қарашада сынап бағаны одан әрі төмендейді. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы 5 қарашада -1-ден -6 градусқа, таулы аудандарда -8-ден -13 градусқа дейін күрт төмендейді. 6 қарашада сынап бағаны одан әрі төмендейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір