«Манчестер Сити» мен «Ливерпуль» арасындағы матчқа арналған Olimpbet талдауы.
Ағылшын біріншілігінің 11-туры интрига мен ойыншылар құрамы бойынша Чемпиондар лигасынан кем түспейтін кездесумен аяқталады: «Манчестер Сити» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды.
Olimpbet сарапшыларының пікірінше, бұл кездесудің фавориті – «Сити». Олардың айтуынша, алаң иелерінің жеңу ықтималдығы қонақтардікінен шамамен екі есе жоғары.
2018 жылдан бері АПЛ-дағы чемпиондық атақты тек осы екі клуб иеленіп келеді. «Сити» алты рет, ал «Ливерпуль» екі рет чемпион атанды. Қазіргі таңда титулдың иесі – «қызылдар».
Биылғы маусымда да Пеп Гвардиола мен Арне Слот баптайтын ұжымдар чемпиондыққа басты үміткерлер қатарында. Олар көш бастаған «Арсеналдың» ізімен келе жатыр.
«Этихадтағы» өзара кездесудің алдында манчестерліктер мерсисайдтықтардан бір ұпайға алда тұр. Егер «Сити» өз алаңында жеңіске жетсе, турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалады.
Егер бұл матч бір ай бұрын өткенде, оның нәтижесіне күмән болмас еді. Қазан айында «Ливерпуль» ауыр дағдарысқа ұшырап, Премьер-лигада қатарынан үш ойында жеңілген еді.
Алайда қараша айында «қызылдар» айтарлықтай сергіп, қайтадан өз ойынын тапты: екі матч – екі «құрғақ» жеңіс. Әсіресе, Чемпиондар лигасындағы «Реалға» қарсы жеңіс ерекше назар аударарлық. Есеп небәрі 1:0 болса да, ойын барысында «қызылдардың» басымдығы анық байқалды.
Айта кетерлігі, «Ливерпуль» «Реалмен» Чемпиондар лигасында «Ситиге» қарағанда бір тәулік бұрын ойнады. Ал «Сити» сол аптада дортмундтық «Боруссиямен» кездескен болатын. Сондықтан демалыс және қалпына келу тұрғысынан «қызылдардың» уақыты көбірек болды.
Статистикаға қарасақ, соңғы уақытта да, жалпы тарихта да «Ливерпульдің» басымдығы анық. Соңғы он өзара кездесудің тек екеуінде ғана «Сити» жеңіске жеткен, үш ойын тең аяқталған, ал бесеуінде – «Ливерпуль» үстем болған.
Ақпан айындағы соңғы кездесу де «қызылдардың» пайдасына шешілді – Доминик Собослаи мен Мұхамед Салахтың голдары «Ливерпульге» чемпиондық үш ұпай сыйлады.
Бірақ бұл жолы Olimpbet сарапшылары «Ситидің» жеңісіне сенеді. Олардың болжамынша, алаң иелері кем дегенде екі гол соғады. Матч нәтижелі болмақ.
Ең ықтимал гол авторы ретінде АПЛ-дың үздік сұрмергені, «Ситидің» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холланд аталады.
Жексенбі кешінде Италия біріншілігінде де қызықты матч өтеді – Миланда жергілікті «Интер» мен римдік «Лацио» кездеседі.
Olimpbet сарапшыларының пікірінше, алдағы ойынның айқын фавориті – «Интер». Олардың болжауынша, миландықтар екі гол айырмасымен жеңіске жетуі ықтимал, ал «Лационың» тең ойынға үміті аз.
Апта ортасында «Интер» күтпеген қарсылыққа тап болды – Чемпиондар лигасында олар «Қайратпен» өте ауыр матч өткізді. Алматылықтар Чемпиондар лигасындағы үздік ойынын көрсетті. Миландықтар 2:1 есебімен жеңді, бірақ үш ұпайға жету оңай болған жоқ.
Ал римдіктер биылғы маусымда еурокубоктарға қатыспайтындықтан, олар «Интерге» қарсы кездесуге толық дайындалуға мүмкіндік алды. Бұл сергектік факторы матч нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
Бірақ «Лацио» соңғы жылдары «Интерге» қарсы өте сәтсіз ойнап жүр, әсіресе сырт алаңда. Соңғы он кездесудің жетеуінде жеңіс «Интерге» тиесілі болды, ал римдіктер тек бір рет жеңіп, екі рет тең түскен.
Қазіргі А Сериясы маусымында да «Интердің» жағдайы жақсырақ – Кристиан Кивудың командасы Маурицио Сарридің ұжымынан алты ұпайға алда.
Дегенмен, «Лационың» активінде соңғы алты турда жеңіліссіз серия бар: екі жеңіс, төрт тең ойын. Маусымның басындағы сәтсіздіктерден кейін команда біртіндеп өз қалпына келе бастады.
Алайда Olimpbet сарапшылары бұл серияның дәл Миланда аяқталатынына сенімді.
Олар «Интер» бірінші таймда-ақ гол соғу арқылы басымдық орнатып, «Джузеппе Меацца» стадионында жеңіс тағдырын шешеді деп болжайды.