Алматылық команда «Астана аренасында» матч өткізіп, ұпай алуға мүмкіндік алады.
Чемпиондар лигасы. «Қайрат» (Қазақстан) – «Олимпиакос» (Грекия). 9 желтоқсан, 20:30 (Астана уақыты)
Еурокубоктың басты турнирінің жалпы кезеңіндегі алтыншы тур Астанада өтетін матчтан басталады. Алматылық «Қайрат» Пирей қаласының «Олимпиакосын» қабылдайды.
Olimpbet сарапшылары грек клубын фаворит санайды, олардың пікірінше, жеңіске жету мүмкіндігі қазақстандықтарға қарағанда төрт еседен де жоғары.
Бұл кездесуге екі команда да жалпы кезең кестесінде бір-біріне жақын орналасқан күйде келеді. Алайда бұл жағдай футболшылар мен жанкүйерлерді қуантады деуге келмейді.
«Олимпиакос» екі ұпаймен 33-орында. «Қайрат» бір ұпаймен 35-сатыда.
Бұл клубтардың ЧЛ-2025/26 плей-оффына шығу мүмкіндігі тек теория жүзінде ғана қалып отыр. Жеңілген тарап бұл мүмкіндіктен толықтай айырылады. Тең нәтиже болған жағдайда да екі команда 1/16 финалға шығу жағын ұмытады.
ЧЛ жалпы кезеңінде Грекия чемпионы Қазақстанның үздік клубынан бір гол артық соққан. Сондай-ақ дәл осындай айырмашылықпен аз гол жіберген. Сондықтан голдар айырмасы да сәл жақсырақ (5:13 қарсы 4:14).
Қақпаға жасалған соққылар бойынша да «Олимпиакос» ашамалы алда (орта есеппен 13,2 мен 12,4), қақпаға дәл бағытталған соққылар бойынша да солай (4,4 пен 3,54).
Ал бұрыштама доптары мен допқа иелік етуде басымдық «Қайратта»: 4,62 қарсы 4,4 және 45,54 % қарсы 43,6 %.
Алматылық команданың басты проблемасы – ойын тәжірибесінің болмауы. Бір жарым айда «Қайрат» тек екі матч өткізді – екеуі де Чемпиондар лигасында, әрі екеуінде де жеңілді («Интерден» 1:2 және «Копенгагеннен» 2:3).
«Олимпиакос» болса өткен сенбіде ішкі чемпионатта ОФИ-мен ойнап, қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, Суперлига кестесіндегі жеке лидерлігін сақтап қалды.
Сонымен қатар «сары-қара» команда үшін бұл матч толыққанды өз алаңындағы ойын болмайды. Ол Қазақстан астанасында, «Қайраттың» негізгі қарсыласы саналатын «Астананың» алаңында өтеді.
Бұдан бөлек, алматылықтардың шабуылшысы Дастан Сәтпаев дат клубына қарсы ойында үшінші сары қағазын алғандықтан, «Олимпиакоспен» кездесуді жіберіп алады. Қазір Германияда емделуде.
Екінші жағынан, «Астана Аренадағы» синтетикалық төсеніш «қайраттықтарға» таныс болғанымен, грек командасының ойыншылары үшін жағымсыз тосынсый болуы мүмкін.
Olimpbet сарапшылары командалар гол соғылатын ойынды көрсете алады деп есептейді, сондықтан Астанадағы матчтан нәтижелі футбол күтеді.
Гол соғуы ықтимал ең басты кандидат ретінде олар «Олимпиакос» және Марокко құрамасының шабуылшысы Аюб әл-Каабиді атайды.
Чемпиондар лигасының алтыншы турының бірінші ойын күніндегі ең көп күтілетін матч, сөзсіз, Миланда өтетін «Интер» мен «Ливерпульдің» кездесуі.
Olimpbet сарапшылары бұл матчта жеңіске «Интерді» лайық көреді, бірақ оларды сөзсіз фаворит деп есептемейді.
«Нерадзурри» 12 ұпайдан жинаған төрт команданың қатарында. Олар жеке-дара көш бастап тұрған «Арсеналды» қуып келеді. Италиялықтар алғашқы турда сүрінген еді. Сырт алаңда «Атлетикодан» 1:2 есебімен жеңілді.
«Ливерпуль» бұл маусымда ішкі біріншілікте де, Еуропада да қиындыққа тап болды. Жалпы кезеңде олар тек 13-орында тұр.
АПЛ-дің өткен турында «скаузерлер» «Лидске» қарсы екі доп басымдығымен алда тұрса да, артықшылықты ұстай алмады (3:3). Одан бұрын олар өз алаңында ПСВ-дан 1:4 есебімен ойсырай жеңілген еді.
Егер Арне Слоттың командасы миландықтарға да есе жіберсе, плей-офф аймағынан мүлде шығып қалуы мүмкін.
Таңғаларлығы — «Интердің» «Ливерпульден» басымдығы тек голдар айырмасымен шектеледі (12:10 қарсы 10:8). Басқа негізгі көрсеткіштерде италиялықтар ағылшындардан асып тұрған жоқ.
Допқа иелік ету көрсеткіші екі командада да бірдей (57,4 %), қақпаға бағытталған соққылар саны да бірдей (орта есеппен 18,8).
Бұрыштама доптары мен қақпаға жасалған дәл соққылар бойынша «қызылдардың» басымдығы жоғары (7,8 қарсы 5,8 және 8,4 қарсы 6,6). «Ливерпульдің» биылғы статистикасы көңілге күмән ұялатады.
Командалар бұрын алты рет кездескен және жеке көрсеткіштер «Ливерпульдің» пайдасында: мерсисайдтықтар төрт рет жеңіп, екі матчта ғана жеңілген. Ең қызығы — олардың арасында әлі бірде-бір тең ойын тіркелмеген.
Олардың соңғы дуэлі 2022 жылдың наурызында өтіп, «Интердің» сырт алаңдағы 1:0 есебімен жеңісімен аяқталған. Алайда бұл нәтиже италиялықтарды ширек финалға шығаруға жеткіліксіз болды, себебі алғашқы матчта олар 0:2 есебімен ұтылған еді.
Olimpbet сарапшыларының пікірі бойынша, Миландағы матчта екі команда да гол соға алады. Үзіліске дейін есепті алаң иелері ашуы мүмкін деп болжайды.