Olimpbet «Реал» – «Манчестер Сити» және «Атлетик» – ПСЖ матчтарын талдады.
Алтыншы турдың ғана емес, ЧЛ-2025/26 жалпы кезеңінің ең маңызды матчында мадридтік «Реал» мен «Манчестер Сити» кездеседі.
Olimpbet сарапшылары бұл ойында айқын фаворит көрмей, тек символикалық түрде алаң иелерін аздаған артықшылыққа ие деп санайды.
Испания астанасындағы кездесуге дейін «галактикос» «қалалықтардан» екі ұпайға алда келеді. «Реал» әзірге плей-оффтың алғашқы раундына қатыспайтын үздік сегіздікке нық орналасқан, ал «Ман Сити» бұл аймақта жоқ.
Алайда сырт алаңдағы жеңіс жағдайында «Сити» турнир кестесінде «корольдік» клубтан жоғары көтеріледі.
Тағы бір қызығы — бес турдан кейін бұл екі команданың турнирді толық жеңіп алу мүмкіндігі бірдей бағаланып отыр.
«Корольдік клуб» гол соғу жағынан сәл тиімдірек (12 гол vs 10). Ал жіберіп алған доптар статистикасында тең көрсеткіш — екеуінде де бес голдан.
«Реал» келесі ойын көрсеткіштері бойынша басым. Қақпаға жасалған соққылар орташа алғанда 18,6 vs 17,6, дәл соққылар – 8,4 vs 7,6, ал бұрыштама доптары бойынша - 7 vs 5,6. Допқа иелік ету жағынан манкуниандықтардың шамалы басымдығы бар - 61 % vs 57,8 %.
Бұл екі команда алғаш рет 2012 жылдың қыркүйегінде ғана кездесті. 13 жыл ішінде 16 матч өткізіп үлгерді. Әрқайсысы есте қаларлық болды.
Соңғы текетіресі өткен маусымда 1/16 финалда өтті. Сол кезде «Реал» екі матчта да жеңіске жеткен еді. Жалпы есеп 6:3 болды.
Жалпы статистика бойынша аздаған басымдық та мадридтіктерде. «Реалда» алты жеңіс, «Ситиде» бесеу. Тағы бес кездесу тең аяқталған.
Хаби Алонсо үшін үлкен мәселе сау қорғаушылардың жоқтығы. Дани Карвахаль, Трент Александер-Арнольд, Ферлан Менди, Эдер Милитао, Дин Хейсен — барлығы жарақат алып, «Манчестер Ситиге» қарсы ойнамайды.
Пеп Гвардиолада да құрамға қатысты қиындықтар бар. Десе де, Родри мен Матео Ковачичтің жоқтығына команда үйреніп қалған секілді. Олар ұзақ уақыт бойы қатарда жоқ.
Olimpbet аналитиктері «Сантьяго Бернабеудегі» кеште голға толы матч болатынына күмәнданбайды. Бұл түсінікті де: алаңға Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холанд сияқты сұрмергендер шығады. Олар гол соғуға ең ықтимал футболшылар ретінде аталады. Әсіресе Холанд 2025/26 маусымында 20 гол соғып үлгерді.
Бұрыштама доптарының саны да көп болады деп күтіледі — тоғыздан асады, екі команданың мүмкіндігі тең бағаланған.
Қалқанқұлақ кубоктың қазіргі иегері ПСЖ Бильбаоға келіп, жергілікті «Атлетикке» қарсы матч өткізеді.
Olimpbet сарапшылары бұл текетіресте париждіктерді анық фаворит деп санайды: қонақтардың жеңу мүмкіндігі алаң иелерінен үш жарым есе жоғары бағаланып отыр.
«Сен-Жермен» жалпы кезең кестесінде көшбасшы топта. Бес турда француздар бір рет қана сәтсіз өнер көрсетті — «Бавариядан» 1:2 есебімен ұтылды. Қалған төрт ойында Луис Энрике командасы жеңді.
Ал басктерде жағдай қиынырақ: Эрнесто Вальверде ұжымында бір ғана жеңіс (3:1 «Қарабахқа» қарсы) және төрт ұпай бар. Қазір «Атлетик» ЧЛ-2025/26 плей-оффына өтетін 24 команданың қатарына енбейді. Егер келесі матчта да ұтылса, олардың еуромаусымға шығу мүмкіндігі жоғалады.
ПСЖ — қазіргі Чемпиондар лигасының ең нәтижелі командасы. Париждіктер бес турдың бәрінде гол соғып, жалпы 19 гол тіркеді (орташа 3,8).
«Атлетиктің» шабуылы өте әлсіз: бар болғаны төрт гол (тек «Аякс», «Вильярреал» және «Славия» ғана аз соққан).
Алайда қорғаныс статистикасы бойынша испандар француздардан тым артта емес. «Атлетик» — 9 гол жіберген, ПСЖ — 8 гол.
Өткен маусымның чемпионы соққы көрсеткіштері бойынша айтарлықтай басымдыққа ие. Қақпаға жасалған соққылар – 20,2 vs 12,8, дәл соққылар - 8,6 vs 4, бұрыштама доптары бойынша 6,6 vs 4, ал допқа иелік ету көрсеткіші 62 % vs 47,6 %.
Екі команда да бұл ойынға жақсы көңіл-күйде келеді. Өткен демалыста басктер Примерада мадридтік «Атлетиконы» 1:0 есебімен жеңді.
ПСЖ Лига 1-де «Реннді» 5:0 есебімен тас-талқан етті. Көшбасшы «Лансты» алға жібермей, одан бір ұпай ғана қалып отыр.
Olimpbet сарапшылары қонақтар кем дегенде екі гол соғады деп болжайды.
Сондай-ақ, «Сен-Жермен» «Сан-Маместегі» кездесуде есепті бірінші болып ашады және оны үзіліске дейін жасайды деген пікір басым.