Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Көршілер шайқасы және аутсайдердің соңғы мүмкіндігі

Olimpbet сараптамасы: Франция – Бельгия және Италия – Түркия құрамалары арасындағы Ұлттар лигасы матчтары.

Көршілер шайқасы және аутсайдердің соңғы мүмкіндігі
olimpbet.kz

УЕФА Ұлттар лигасы. А лигасы. Төртінші тур. 1-топ. Франция – Бельгия. 5 қазан, 23:45 (Астана уақыты)

Париж маңындағы Сен-Дени қаласында дүйсенбі күнгі Ұлттар лигасының төртінші турының орталық матчы өтеді – Франция құрамасы Бельгия командасын қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары географиялық көршілер арасындағы бұл кездесуде алаң иелерін айқын фаворит деп есептейді. Олардың пікірінше, "үштүстілердің" екі доп айырмасымен жеңіске жету ықтималдығы "қызыл сойқандардың" тең нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігінен жоғары.

Турнирлік жағдай

Франция элиталық дивизионның бірінші тобын жеті ұпаймен жеке-дара бастап тұр.

Бельгия – көшбасшының ең жақын қуғыншысы. Команда Франциядан небәрі бір ұпайға қалып келеді.

Есептеу қиын емес: егер бельгиялықтар сырт алаңда жеңіске жетсе, турнир кестесінің бірінші орнына көтеріледі. Ал жеңілген жағдайда үшінші сатыға түсіп қалу қаупі бар.

Француздар болса, тең ойынның өзінде көшбасшылық орнын сақтап қалады.

Статистика

"Қызыл сойқандар" Ұлттар лигасының 2026/28 маусымында "үштүстілерден" көбірек гол соқты – 5-ке 3.

Ал жіберілген голдар бойынша екі команданың көрсеткіші тең – әрқайсысы бір голдан өткізген. Айта кетейік, бельгиялықтардың қақпасына түскен сол жалғыз голды бірінші айналымда дәл Франция соққан.

Марк ван Боммель командасы қақпаға сәл жиі соққы жасайды – бір матчқа орта есеппен 16,67 соққы, Францияда бұл көрсеткіш 15,67.

Қақпаға дәл соққылар бойынша да Бельгия алда – 6,67-ге 6.

Ал Зинедин Зидан командасы бұрыштама бойынша аздаған басымдыққа ие – 5-ке 4. Допқа иелік ету жағынан Францияның артықшылығы айқын – 64,67%-ға 44%.

Өзара кездесулер тарихы

Алдағы матч географиялық көршілер арасындағы 80-ші мерейтойлық кездесу болмақ.

Қазір олардың өзара статистикасында толық теңдік сақталған: екі команда да 30 реттен жеңіске жеткен, тағы 19 матч тең аяқталған.

Сонымен қатар соңғы алты өзара кездесу Францияның пайдасына шешілді.

Ал нақты Ұлттар лигасы аясында "үштүстілер" өткізген төрт матчтың бәрінде жеңіске жеткен. Соның бірі осы маусымда өтті.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары командалар нәтижелі футбол көрсетіп, "Стад де Франс" аренасындағы матчта көп гол болады деп күтеді.

Негізгі үміт алаң иелеріне артылып отыр. Сарапшылар Франциядан кемінде екі гол күтеді.

Ал гол соғуы ықтимал ойыншы ретінде француз шабуылшысы Усман Дембеле аталады.

Қорытынды
Фото: olimpbet.kz

Италия – Түркия. 5 қазан, 23:45

Сен-Денидегі матчпен қатар осы топтың тағы екі қатысушысы – Италия мен Түркия құрамалары да алаңға шығады. Кездесу Болоньяда өтеді.

Olimpbet сарапшылары бұл ойында да алаң иелеріне айтарлықтай басымдық беріп отыр. Олардың бағалауынша, Италияның жеңіске жету мүмкіндігі Түркиядан төрт еседен де жоғары.

Турнирлік жағдай

"Янычарлар" – өз тобындағы айқын аутсайдер. Түркия үш турдан кейін бірде-бір ұпай жинамаған.

Егер олар қатарынан төртінші рет жеңілсе, В дивизионына тікелей түсіп қалудан аман қалуы өте қиын болады.

Ал Италияның еншісінде төрт ұпай бар және команда әлі де топта бірінші орын алу мүмкіндігін жоғалтқан жоқ.

Егер италиялықтар "ай-жұлдыздарды" жеңсе, үлкен ықтималдықпен 1-топта екінші орынға көтеріледі.

Статистика

"Скуадра адзурра" "янычарлардан" көбірек гол соққан – 5-ке 1, әрі аз гол жіберген – 4-ке 8.

Түркияның мүмкіндіктерді өте нашар пайдаланып жүргеніне қарамастан, қақпаға соққы саны бойынша Италиямен тең көрсеткішке ие – бір матчқа орта есеппен 15,33 соққыдан.

Қақпаға дәл тиген соққылар бойынша түріктер италиялықтардан сәл ғана қалып келеді – 5,33-ке 4,6.

Допқа иелік ету көрсеткіші де шамалас – 46%-ға 45,33%.

Ал бұрыштама саны бойынша "ай-жұлдыздар" тіпті алда – 5,33-ке 3,33.

Өзара кездесулер тарихы

Түркия құрамасының Италияға қарсы жеке кездесулердегі статистикасы өте нашар.

14 матчтың ішінде түріктер бірде-бір рет жеңіске жетпеген. Италия 10 рет басым түскен, тағы төрт ойын тең аяқталған.

Ал ресми жеті кездесудің алтауында "скуадра адзурра" жеңіске жеткен.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары италиялық мамандар жаттықтыратын екі команда арасындағы бұл бәсекеде Роберто Манчини шәкірттері жеңіске жетеді деп есептейді.

Болжам бойынша, алаң иелері кемінде екі гол соғады және есепті бірінші таймда-ақ ашады.

Матчта кемінде тоғыз бұрыштама болады деп күтіледі. Бұл көрсеткіш бойынша да алаң иелері айқын фаворит саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?