Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

ӘЧ-2026 жүлдегерлерінің айқасы және ширек финал жолдамасы үшін күрес

Olimpbet сараптамасы: Ұлттар лигасындағы Испания – Англия және Бельгия – Италия матчтары.

ӘЧ-2026 жүлдегерлерінің айқасы және ширек финал жолдамасы үшін күрес
olimpbet.kz

УЕФА Ұлттар лигасы. А лигасы. Алтыншы тур. 3-топ. Испания – Англия. 16 қараша, 00:45 (Астана уақыты)

Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы тур футбол жанкүйерлеріне бірнеше қызықты матч ұсынып отыр. Соның ең тартымдысы, сөзсіз, ӘЧ-2026 жүлдегерлері – әлем чемпиондары Испания мен мундиальдың қола жүлдегері Англия арасындағы айқас.

Olimpbet сарапшылары "қызыл фурияны" бұл кездесудің айқын фавориті деп есептейді. Олардың бағалауынша, алаң иелерінің жеңіске жету мүмкіндігі қонақтарға қарағанда шамамен үш есе жоғары.

Турнирлік жағдай

Екі құрама да Ұлттар лигасы-2026/27 турнирінің ширек финалына жолдама алып қойды. Алайда бұл олардың өзара матчқа мотивациясыз шығатынын білдірмейді.

Испания бес матчтың бәрінде жеңіске жетіп, топта жеке-дара көш бастап келеді. Бірақ пиренейліктер плей-офф жеребесінде белгілі бір артықшылық беретін бірінші орынды әлі толық қамтамасыз еткен жоқ.

Англия Испаниядан үш ұпайға қалып келеді, бірақ доп айырмасы жақсырақ. Сондықтан ФИФА рейтингіндегі үздік құрамаға қарсы кез келген есеппен жеңіске жетсе, ағылшындар 3-топты бірінші орынмен аяқтай алады.

Статистика

Бұл екі құрама – Ұлттар лигасының жоғары дивизионындағы қазіргі маусымның ең нәтижелі командалары. "Үш арыстан" 16 гол соқса, "қызыл фурияның" еншісінде 14 доп бар. Сонымен қатар ағылшындар Испанияға қарағанда аз гол жіберген – 4 және 5. Басқа негізгі көрсеткіштер де шамалас. 

Луис де ла Фуэнте командасы қақпаға сәл жиірек соққы жасайды – орта есеппен бір матчта 17,2 рет, Англияда бұл көрсеткіш 16,6. Қақпаға дәл соққылар бойынша да Испания алда – 6 және 5,8.Допқа иелік ету көрсеткіші – 63,6% және 58,6%. Ал бұрыштама саны бойынша толық теңдік – әр команда орта есеппен 6 бұрыштамадан орындайды.

Тәртіп

Испания мен Англия тым дөрекі ойын көрсететін командалар қатарына жатпайды.

Бес турда екі команда жалпы 11 сары қағаз алған: Испанияда – 6, Англияда – 5.

Екі құраманың да ойыншылары қызыл қағаз алған жоқ.

Өзара кездесулер тарихы

Мұнда да екі құраманың көрсеткіші бір-біріне өте жақын. Жалпы есепте Англия сәл алда: ағылшындарда 13 жеңіс, Испанияда – 12. Тағы төрт матч тең аяқталған. Алайда соңғы он кездесуде "үш арыстан" небәрі екі рет жеңіске жеткен. Ал "қызыл фурия" жеті матчта басым түсіп, бір кездесу тең аяқталған.

Ұлттар лигасы-2026/27 турнирінің бірінші айналымындағы сырт алаңдағы матч та қазіргі әлем чемпиондарының пайдасына шешілді – 3:2.

Құрам

Испанияға жарақатына байланысты Родри мен Дани Ольмо көмектесе алмайды. Дегенмен жақсы жаңалық та бар: Чехияға қарсы ойнамаған Ламин Ямаль мен Микель Оярсабаль Англиямен матчқа дайын болады.

Қонақтар сапында шығын одан да көп. Мадридке Коул Палмер, Нони Мадуэке, Букайо Сака және Марк Гехи бармайды. Эзри Конса мен Джед Спенстің қатысуы әзірге белгісіз.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары "Метрополитано" аренасында өтетін матчтың нәтижелі болатынына күмән келтірмейді деуге болады.

Сондай-ақ олар Испания кемінде екі гол соғады және алаң иелері есепті бірінші таймда ашады деп күтеді.

Қорытынды
Фото: olimpbet.kz

1-топ. Бельгия – Италия. 16 қараша, 00:45

Турнирлік тұрғыдан жексенбі күнгі А лигасындағы басты матч Брюссельде өтеді. Мұнда бірінші топтың өкілдері Бельгия мен Италия кездеседі.

Olimpbet сарапшылары бұл жұпта алаң иелеріне басымдық береді және Бельгия қонақтар қақпасына кемінде екі гол соға алады деп есептейді.

Турнирлік жағдай

Бесінші турда "скуадра адзурра" Францияны 3:1 есебімен жеңіп, топтағы интриганы барынша күшейтті.

Италия бірінші орынға шықты және ұпай саны тең болғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша "үш түстілерден" алда тұр.

"Қызыл сойқандар" көшбасшылар дуэтінен бір ұпайға қалып келеді. Бірақ бір қызығы, осы үштіктің ішінде плей-оффқа шығу мүмкіндігі ең төмен құрама – Италия.

Бельгия Италияны өз алаңында қабылдайды және кез келген есептегі жеңіс оларды ширек финалға шығарады. Ал Францияға осы мақсатқа жету үшін өз алаңында төрттіктің аутсайдері Түркиямен тең ойнаудың өзі жеткілікті.

Статистика

Италия шабуылы Бельгиядан нәтижелірек – 11 гол және 8 гол. Ал жіберген доп саны бірдей – 6-дан. Төрт дүркін әлем чемпиондарында соққы саны бойынша шағын басымдық бар – бір матчта орта есеппен 14,4 және 13,4.

Ал ӘЧ-2026 ширек финалистері қақпаға дәл соққы бойынша алда – 5,6 және 5,4. Допқа иелік ету көрсеткіші де Бельгияның пайдасына – 44% және 43,4%. Бұрыштама бойынша айырмашылық жоқ – 3,4-тен.

Тәртіп

"Қызыл сойқандар" қазірдің өзінде 14 сары қағаз жинаған. Бұл бір матчта орта есеппен 2,8 ескерту деген сөз. "Скуадра адзурра" футболшылары 11 сары қағаз алған – орташа көрсеткіш 2,2.

Ұлттар лигасы-2026/27 турнирінде Бельгия да, Италия да қызыл қағаз алған жоқ.

Өзара кездесулер тарихы

Жалпы статистикада италиялықтардың басымдығы айқын. 27 матчта Италия 17 рет жеңіске жеткен. Бельгияның еншісінде 5 жеңіс бар, тағы 5 ойын тең аяқталған. Дегенмен соңғы өзара кездесу Бельгияның пайдасына шешілді.

Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы бірінші айналымда бельгиялықтар Римде Италияны 2:0 есебімен жеңді.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары матчтың нәтижелі өтетініне сенеді және екі команданың да гол соғу ықтималдығын жоғары бағалайды.

Ал гол соғуға ең ықтимал ойыншы ретінде алаң иелерінің тәжірибелі шабуылшысы Ромелу Лукаку аталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?