Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Португалия – Дания және Норвегия – Уэльс: кім мықты болады?

Күрделілік деңгейі әртүрлі скандинавиялық міндеттер.

Португалия – Дания және Норвегия – Уэльс: кім мықты болады?
olimpbet.kz

УЕФА Ұлттар лигасы. А лигасы. Бесінші тур. 4-топ. Португалия – Дания. 15 қараша, 00:45 (Астана уақыты)

Ұлттар лигасының элиталық дивизионындағы сенбілік бағдарламада төртінші топтың екі матчы бар. Соның бірінде Португалия мен Дания құрамалары кездеседі. Olimpbet сарапшылары алдағы матчта алаң иелерін айқын фаворит деп есептейді.

Олардың пікірінше, Португалияның екі доп айырмасымен жеңіске жету мүмкіндігі Данияның кем дегенде тең нәтиже көрсету ықтималдығынан жоғары.

Турнирлік жағдай

"Еуропалық бразилиялықтар" үшін қалған екі турдың спорттық маңызы аса жоғары емес. Португалия мүмкін болған 12 ұпайдың бәрін жинап, плей-оффқа мерзімінен бұрын жолдама алды.

Данияның да ширек финалға шығу мүмкіндігі жаман емес. Команданың еншісінде алты ұпай бар және Брагада жеңілген күннің өзінде екінші орын үшін күресте фаворит болып қала береді.

Ал жеңіс скандинавиялықтарға топтан шығуға іс жүзінде кепілдік береді.

Статистика

Жоржи Жезуш жаттықтыратын команда Брайан Ример ұжымына қарағанда көп гол соққан – 9 және 7. Сонымен бірге аз гол жіберген – 4 және 7.

Португалия басқа негізгі көрсеткіштердің басым бөлігінде де Даниядан алда.

Олар қақпаға жиірек соққы жасайды – бір матчта орта есеппен 17,5 және 14,5 рет. Қақпаға дәл соққы саны – 6,5 және 4,5. Бұрыштама бойынша да Португалияның артықшылығы бар – 6,25 және 3,75. Ал допқа иелік ету көрсеткішінде қарсыластар шамалас. Ұлттар лигасының қазіргі чемпиондарының сәл ғана басымдығы бар – 51,5% және 51,25%.

Тәртіп

Бір қызығы, Португалия ереже бұзу саны бойынша да "қызыл гвардиядан" алда – бір матчта орта есеппен 11 және 8,75. Сары және қызыл қағаз көрсеткішінде де португалиялықтар жоғары.

Ұлттар лигасы-2026/27 турниріндегі төрт матчта "еуропалық бразилиялықтар" 10 сары қағаз алды, ал даниялықтарда – 6. Сонымен қатар Португалия құрамасының бір ойыншысы – Франсишку Консейсау алаңнан қуылған.  Скандинавиялық командада мұндай жағдай болған жоқ.

Өзара кездесулер тарихы

Португалия өзара матчтар статистикасында да айқын басым. Жалпы есепте олардың 13 жеңісі, 4 жеңілісі және 2 тең нәтижесі бар. Соңғы бес өзара кездесудің төртеуінде Португалия Данияны жеңді.

Соның ішінде Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы бірінші айналымның сырт алаңдағы матчы да бар.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары Брагада өтетін матч нәтижелі болады деп есептейді.

Олардың болжамынша, алаң иелері кемінде екі гол соғады және есепті бірінші таймда ашуы ықтимал.

Қорытынды
Фото: olimpbet.kz

Норвегия – Уэльс. 14 қараша, 22:00

Төртінші топтағы Португалия мен Данияның бәсекелестері – Норвегия мен Уэльс құрамалары Ослода кездеседі. 

Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелеріне елеулі басымдық береді. Олардың бағалауынша, Норвегияның жеңіске жету мүмкіндігі Уэльстен шамамен он есе жоғары.

Турнирлік жағдай

Алайда Ұлттар лигасы-2026/27 турниріндегі екінші өзара матч алдында Уэльс турнир кестесінде жоғары тұр.

Екі командада да үш ұпайдан бар. "Викингтердің" доп айырмасы жақсырақ – минус екі және минус үш.

Бірақ бірінші айналымдағы өзара кездесуде "айдаһарлар" 2:1 есебімен жеңгендіктен, қосымша көрсеткіш бойынша басымдыққа ие.

Екі құрамаға да плей-офф үмітін сақтау үшін тек жеңіс қажет. Ал Ослода жеңілген команда Ұлттар лигасының элиталық дивизионынан іс жүзінде шығып қалады.

Статистика

Британдықтар өте аз гол соққан – небәрі екі. Норвегияның еншісінде алты гол бар. Бірақ "айдаһарлардың" қорғанысы мығымырақ – олар бес гол жіберсе, "викингтер" сегіз рет доп өткізген.

Басқа негізгі көрсеткіштерде скандинавиялықтардың артықшылығы бар. Қақпаға соққы саны – 13,25 және 8. Қақпаға дәл соққы – 5 және 2,75. Бұрыштама – 4,5 және 3. Допқа иелік ету – 51,25% және 46%.

Тәртіп

Уэльс ойыншылары жиірек ереже бұзады – бір матчта орта есеппен 12,25 және 9. Сары қағаз саны да жоғары – 2,25 және 1,25. Алайда Норвегия құрамасында қызыл қағаз алған екі ойыншы бар – қорғаушылар Давид Меллер Вольфе мен Торбьерн Хеггем.

Ал Уэльс құрамасында Ұлттар лигасы-2026/27 турнирінде әзірге ешкім алаңнан қуылған жоқ.

Өзара кездесулер тарихы

Қарсыластардың өзара матчтардағы көрсеткіші толықтай тең. Екі командада да төрт жеңістен бар және тағы төрт кездесу тең аяқталған. Сонымен бірге Норвегия өз алаңында Уэльске ешқашан жеңілген емес – үш жеңіс және екі тең ойын. Екінші жағынан, "викингтер" "айдаһарларды" ширек ғасыр бойы жеңе алмай келеді.

Норвегияның Уэльсті соңғы рет жеңуі 2001 жылдың қыркүйегінде тіркелген. Содан бері төрт матчта үш жеңіліс және бір тең нәтиже болған.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары Ослодағы матчтың нәтижелі өтетініне күмән келтірмейді деуге болады. Гол соғуға ең ықтимал ойыншы ретінде болжамды түрде Норвегияның сұрмергені Эрлинг Холанд аталады.

Бұл матчта бұрыштама көп болмайды деп күтіледі – тоғыздан аспайды. Осы көрсеткіш бойынша да алаң иелері айқын фаворит саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?