Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан – Молдова матчы және Амстердамдағы көшбасшылар шайқасы: Ұлттар лигасына болжам

Жұма, 13 қараша күні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы топтық кезеңде соңғы сырт алаңдағы матчын өткізеді.

Матч беті Молдова 2:1 Қазақстан 13 қараша, жұма · Ұлттар лигасы, 5-тур Голдар мен құрамдар →
Қазақстан – Молдова матчы және Амстердамдағы көшбасшылар шайқасы: Ұлттар лигасына болжам
olimpbet.kz

Olimpbet сараптамасы: Ұлттар лигасындағы Молдова – Қазақстан және Нидерланд – Грекия матчтары.

УЕФА Ұлттар лигасы. С лигасы. 3-топ. Бесінші тур. Молдова – Қазақстан. 13 қараша, 22:00 (Астана уақыты)

Жұма, 13 қараша күні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы топтық кезеңде соңғы сырт алаңдағы матчын өткізеді.

Olimpbet сарапшылары бұл жұпта айқын фаворит көріп отырған жоқ, дегенмен аздап алаң иелеріне басымдық береді.

Турнирлік жағдай

С дивизионындағы үшінші топта Словакияның бірінші орын алуына енді көп нәрсе кедергі бола қоймайтын секілді.

Топтың екінші және үшінші орындарын Фарер аралдары мен Молдова бөлісіп тұр – екеуінде де төрт ұпайдан. Қазақстан соңғы орында келеді – біздің жігіттердің еншісінде небәрі екі ұпай бар. 

Соған қарамастан, "қаршығалардың" қорытынды есепте екінші орын алу мүмкіндігі әлі де сақталып отыр. Алайда ол үшін Джон ван ’т Схип командасына қалған екі матчта өзі жеңіске жетіп қана қоймай, Фарер аралдарының да ұпай жоғалтқанын күту қажет.

Статистика

Бір қызығы, Қазақстан төрт турда Молдоваға қарағанда көп гол соққан – 5 және 3. Сонымен қатар біздің құрама аз гол жіберген – 7 және 8.

Қазақстан допқа иелік ету көрсеткішінде де алда – ойын уақытының 53,75%-ы және 45,75%. Бұрыштама бойынша қарсыластарда толық теңдік – бір матчта орта есеппен 5,5-тен.

Ал Молдова қақпаға соққы жасау көрсеткішінде басым – 15,25 және 14. Қақпаға дәл соққы бойынша да алаң иелері алда – 4,5 және 3.

Тәртіп

Молдова футболшылары ережені жиірек бұзады – бір матчта орта есеппен 12,25 және 11,25. Алайда қазақстандық ойыншылар көбірек ескерту алған – 7 және 3. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының бір ойыншысы алаңнан қуылған.

Сергей Малый Фарер аралдарына қарсы үйдегі матчта қызыл қағаз алған. Ал біздің алдағы қарсыласымыздың сапында әзірге ешкім алаңнан қуылған жоқ.

Өзара кездесулер тарихы

Молдованы Қазақстан үшін ыңғайлы қарсылас деп айту қиын. Біздің құраманың бұл командаға қарсы өзара кездесулердегі көрсеткіші теріс: төрт жеңіліс, үш жеңіс және бір тең нәтиже. Ал ресми үш матчтың тек біреуінде Қазақстан жеңіске жеткен.

Айта кетерлігі, бұл жеңіс сырт алаңда және дәл Ұлттар лигасында, 2022 жылы тіркелген. Алайда Ұлттар лигасының қазіргі маусымында Қазақстан Молдоваға өз алаңында 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Құрам

Қазақстан сапында Дастан Сәтпаев әлі де ойнай алмайды. 18 жастағы шабуылшы бұлшық ет жарақатынан кейін қалпына келуін жалғастырып жатыр.

Алаң иелерінің де жоғалтулары бар. Шабуылшы Ион Николаеску мен жартылай қорғаушы Михаил Каймаков жарақат алған.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары Кишиневтегі матчта командалар жоғары нәтижелілік көрсете қояды деп сенбейді. Олар аз гол соғылатын ойын күтеді.

Бұрыштама саны тоғыздан аз болады деп болжанып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша фаворит – алаң иелері.

А лигасы. 2-топ7 Нидерланд – Грекия. 14 қараша, 00:45

Осы кеште Амстердамда тағы бір қызықты матч өтеді. Элиталық дивизионның екінші тобында Нидерланд пен Грекия құрамалары кездеседі.

Olimpbet сарапшылары бұл айқаста алаң иелерін сөзсіз фаворит деп есептейді. Олардың бағалауынша, Нидерландтың жеңіске жету мүмкіндігі Грекияға қарағанда шамамен төрт есе жоғары.

Турнирлік жағдай

Екі құрама да Ұлттар лигасында әлі жеңілген жоқ. Екеуі де сегіз ұпайдан жинап, өз тобында қатар көш бастап келеді. Тіпті доп айырмасы да бірдей – плюс екі.

"Қызғылт сары" команда турнир кестесінде тек соққан гол саны көп болғандықтан бірінші орында тұр. Осылайша, Йохан Кройф атындағы аренадағы матчтың жеңімпазы турнирдің плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алады.

Статистика

Нидерланд қарсыластарының қақпасына жеті гол соққан. Грекияның еншісінде бес гол бар. Бірақ "эллиндер" аз гол жіберген – үш. Ал "қызғылт сары" команда бес гол өткізген. 

Қалған негізгі көрсеткіштердің барлығында дерлік "ұшатын голландиялықтар" алда. Jлар қақпаға жиірек соққы жасайды – бір матчта орта есеппен 20,75 және 11,75. Қақпаға дәл соққы – 7 және 4. Бұрыштама – 7,5 және 3,75. Допқа иелік ету – 64,5% және 36%.

Тәртіп

Грекия футболшылары қазірдің өзінде 10 сары қағаз жинаған. Нидерланд ойыншылары едәуір аз ескерту алған – 6 рет.

Ұлттар лигасы-2026/28 турнирінде екі құраманың да футболшылары әзірге қызыл қағаз алған жоқ.

Өзара кездесулер тарихы

Өзара матчтар статистикасы "эллиндер" үшін өте сәтсіз. Олар "қызғылт сары" команданы небәрі бір рет жеңген. Тағы екі матч тең аяқталған, ал тоғыз кездесуде Нидерланд жеңіске жеткен. Ресми матчтардағы көрсеткіш одан да нашар.

Грекия Нидерландты бірде-бір рет жеңбеген: алты жеңіліс және екі тең нәтиже. Дегенмен Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы бірінші айналымның 1 қазанда Салоникиде өткен матчы тең аяқталған.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары Амстердамдағы матчтың нәтижелі өтетініне күмәнданбайды деуге болады. Сондай-ақ олардың пікірінше, алаң иелері кемінде екі гол соғады. Ал бұрыштама саны көп болмайды – тоғыздан аспайды.

Бұл көрсеткіш бойынша да Нидерланд құрамасына айтарлықтай басымдық беріледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?