Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Спортинг» – «Қайрат» матчы бес голмен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
18.09.2025, 19:11

УЕФА Жастар лигасының алғашқы турында «Қайрат» U-19 командасы португалиялық «Спортингке» қарсы ойнады. Оэйраш қаласындағы кездесу 3:2 есебімен аяқталды.

«Спортинг» – «Қайрат» матчы бес голмен аяқталды
Instagram/@fckairat_academy

Матч барысы

Ойынның алғашқы жартысында «Спортинг» жылдам шабуылдарымен ерекшеленді.

13-минутта Даниэль Цесельский есеп ашты. 23-минутта Флавиу Гонсалвеш таблодағы көрсеткішті еселеді.

Екінші таймның басында Диогу Мартинш (56-минут) үшінші голды соғып, португалиялық клубтың басымдығын арттырды.

Алайда «Қайрат» жас ойыншылары берілмеді. 70-минутта Азамат Тұяқбаев гол соғып, есепті қысқартты. Араға жеті минут салып тағы да мергендігімен көзге түсіп, дубль авторы атанды.

64-минутта «Спортинг» ойыншысы Гонсалвеш 11 метрлік соққыны жүзеге асыра алмады.

Келесі ойындар

«Қайрат» U-19 командасы енді 30 қыркүйекте мадридтік «Реалға» қарсы ойнайды. Кездесу Алматыдағы Т. С. Сегізбаев атындағы академия стадионында өтеді.

Бұдан бөлек, жастар лигасында алматылық клуб мыналармен кездеседі:

  • кипрлік «Пафос»,
  • италиялық «Интер»,
  • даниялық «Копенгаген»,
  • гректің «Олимпиакосы».
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір