ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

«Қайрат» «Аталантаны» артта қалдырды

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бірінші тур аяқталды. Оның қорытындысы бойынша «Қайрат» 36 команданың ішінде 33-орынға жайғасты.

«Қайрат» «Аталантаны» артта қалдырды
instagram/@f.c.kairat

«Қайраттың» алғашқы нәтижесі

Жалпы кезеңде сегіз тур өтеді. Оның нәтижесінде:

  • 1–8 орын алған клубтар тікелей 1/8 финалға шығады;
  • 9–24 орын алғандар плей-оффтағы қосымша матчтарға қатысады;
  • 25–36 орын алғандар еуромаусымды аяқтайды.

Алғашқы турдағы сәтсіздік

Алматылық клуб Португалияның «Спортингіне» 1:4 есебімен жол беріп, Еуропадағы алғашқы ойынын жеңіліспен бастады. Жалпы бірінші турда 14 команда жеңілді.

«Қайрат» секілді «Монако» да дәл осы есеппен ұтылды. Ал одан да ауыр жеңілістерді «Галатасарай» (1:5, «Айнтрахтқа») және «Аталанта» (0:4, ПСЖ-ға) бастан кешті.

Алғашқы турдағы сәтсіздік

Чемпиондар лигасының кестесін «Айнтрахт» бастап тұр. Француз алпауытынан (ПСЖ) да жоғары көрсеткішке ие болды.

«Қайраттың» қарсыластары қай сатыда тұр?

3-орын — «Брюгге» (Бельгия)

4-орын — «Спортинг» (Португалия)

7-орын — «Арсенал» (Англия)

8-орын — «Интер» (Италия)

13-орын — «Реал» (Испания)

19-орын — «Копенгаген» (Дания)

21-орын — «Олимпиакос» (Грекия)

22-орын — «Пафос» (Кипр)

Көріп отырғанымыздай, «Қайрат» қарсыластарының көбі алғашқы турда жоғары орындардан табылды.

«Қайрат» 2-турда өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. Бұл кездесу 30 қыркүйекте Алматыда өтеді

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын