Қырғызстанда шенеуніктер арасында Dota мен CS-тен жарыс өтеді
Gov.Games деп аталатын турнирдің жүлде қоры 20 мың АҚШ доллары.
Қырғызстанда тұңғыш рет мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған Gov.Games киберспорт турнирі ұйымдастырылады. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлады.
Мемқызметкерлер Dota 2 мен CS2-де бақ сынайды
Gov.Games турнирі – цифрлық дағдылар мен командалық рухты арттыруға бағытталған жаңа форматтағы жарыс. Бұл жолы жарысқа әртүрлі мемлекеттік ведомстволардың IT-мамандарынан құралған командалар қатысады.
Бәсекелер әлемдік деңгейдегі ең танымал екі ойын түрі бойынша өтеді:
-
Dota 2
-
Counter-Strike 2 (CS2)
Жүлде қоры мен қатысу ережесі
-
Жалпы жүлде қоры — $20 000
-
Жеңімпаздарға заманауи гаджеттер мен бағалы сыйлықтар табысталады
-
Команда құрамы — 5 ойыншы
-
Әр ведомстводан максимум 2 команда (әр ойынға бір командадан)
Турнир күнтізбесі:
-
Онлайн іріктеу кезеңі: 3 маусым
-
Финал: 14 маусым, Бішкек қаласындағы IT Hub TechnoPark алаңында
-
Турнир YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі