Қазақстандық киберспортшылар Мәскеуде атой салмақ

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда еліміздің студенттік құрамасы көрші елдің астанасына аттанады. 

Қазақстандық киберспортшылар Мәскеуде атой салмақ
Bluescreen.kz

Киберспорттан Қазақстанның студенттік құрамасы жақын күндері Мәскеу қаласына жол тартады. Біздің спортшылар Dota 2 дисциплинасы бойынша Ашық киберспорттық студенттік ойындарда (ОКСИ) ел намысын қорғайды.

Отандық киберспорт федерациясы өкілдерінің хабарлауынша, киберспортшыларымыз халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетуге толық дайын. Құрама мүшелері жарысқа тыңғылықты дайындалып, бар күшін салуға ниетті.

Dota 2 бойынша Қазақстан құрамасы

  • Кебекпай Темірлан
  • Лезбек Ерлан
  • Беспаев Әлім
  • Мұқанбетқали Санжар
  • Садыр Саламат

Айта кетейік, ашық студенттік киберспорт ойындары — жас ойыншылар үшін тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейде өздерін дәлелдеуге үлкен мүмкіндік. Қазақстан құрамасы бұл турнирде ең жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір