Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық molodoy жүлде қоры миллион доллар болатын турнирде топ жарды

Қазақстандық киберспортшы Данил "molodoy" Голубенко өнер көрсететін FURIA командасы Counter-Strike 2 ойынынан BLAST Rivals 2026 Season 2 турнирінің жеңімпазы атанды. 

Қазақстандық molodoy жүлде қоры миллион доллар болатын турнирде топ жарды
instagram/@danil.molodoy_

Molodoy финалда қандай нәтиже көрсетті?

FURIA сапында снайпер рөлін атқаратын Голубенко шешуші кездесуді 1,30 рейтингімен аяқтады. Қазақстандық ойыншы қарсыластарын 55 рет жойып, өзі 38 рет ойыннан шыққан — K/D көрсеткіші 55–38 болды.

Турнир қорытындысында molodoy-дың жалпы рейтингі 1,29-ды құрап, жарыстың үздік ойыншылары қатарына енді.

Ал ең құнды ойыншыға берілетін MVP жүлдесі оның командаласы, бразилиялық Кайке "KSCERATO" Сератоға бұйырды. Ол турнирді 1,55 рейтингімен аяқтады.

FURIA қанша сыйақы алды?

BLAST Rivals 2026 Season 2 турнирінің жалпы жүлде қоры бір миллион долларды, шамамен 445 миллион теңге болды. 

Чемпион атанған FURIA 250 мың доллар, яғни шамамен 111 миллион теңге иеленді. Бұл қаражат теңдей бөлінеді:

125 мың доллар — ойыншыларға;

125 мың доллар — ұйымға.

Бір айдағы үшінші трофей

Гонконгтағы жеңіс FURIA үшін соңғы бір айдағы үшінші чемпиондық болды. Бұған дейін команда:

18 қазанда Мальтадағы Thunderpick World Championship 2026 турнирін;

31 қазанда Румыниядағы PGL Masters Bucharest 2026 додасын жеңіп алған.

Енді ұжым маусымдағы соңғы жарысы — PGL Major Singapore 2026 турниріне қатысады. Сингапурдағы дода 2–13 желтоқсан аралығында өтеді.

Мейджор (Major) — Counter-Strike 2 ойынын әзірлеуші Valve компаниясының ресми қолдауымен ұйымдастырылатын ең беделді турнирлердің бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?