Данил "molodoy" Голубенко Румынияда топ жарды
Қазақстандық киберспортшы Данил "molodoy" Голубенко өнер көрсететін FURIA командасы PGL Masters Bucharest 2026 турнирінің чемпионы атанды.
Семей тумасы Данил Голубенко бразилиялық FURIA ұжымымен бірге Бухарестте өткен Counter-Strike 2 додасында топ жарды. Шешуші кездесуде команда Беларусьтің Nemiga Gaming ұжымын жеңіп, чемпиондық кубокты иеленді.
Бұл – FURIA-ның қатарынан жеңіп алған екінші ірі жүлдесі. Бұған дейін Голубенконың командасы Thunderpick World Championship 2026 турнирінде жеңіске жеткен.
PGL Masters Bucharest 2026 жарысы Румыния астанасында 24–31 қазан аралығында өтті. Турнирге 16 команда қатысып, жалпы көлемі 1,25 миллион доллар болатын жүлде қорын сарапқа салды.
Осылайша қазақстандық "molodoy" FURIA сапындағы жетістіктерін тағы бір халықаралық титулмен толықтырды.