
Мамандар саябақтар мен орманды аймақтарда қауіпсіздік шараларын ұмытпауға кеңес береді.
Көктем келіп, күн жылына бастаған шақта табиғатта серуендеу көпшілік үшін сүйікті әдетке айналады. Осы ретте мамандар саябақтар мен орманды аймақтарда қауіпсіздік шараларын ұмытпауға кеңес береді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Магадин Хайроев келесі кеңестермен бөлісті:
"Өз денеңізден немесе балаңыздың денесінен кене тапсаңыз, өздігіңізден алып тастауға тырыспаңыз. Дереу тіркелген жеріңіздегі тәулік бойы жұмыс істейтін аурухананың травматология бөлімшесіне барыңыз", – дейді дәрігер.
Мамандар кене денеден медициналық жолмен алынуы тиіс екенін айтады. Бұл кезде:
Кене энцефалиті – адамның жүйке жүйесіне әсер ететін өте қауіпті вирустық инфекция. Оның негізгі белгілері: