Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан кеткелі жұмыс таппай әлек

Редактор Penalty.kz
09.04.2025, 12:03

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері командадан кеткеннен кейін әлі күнге дейін жаңа жұмыс таппады.

Qaz365.kz
Qaz365.kz

Бапкер қазір түрлі шараларға қатысып, футбол академияларында дәріс оқып жүр. Сонымен қатар телешоуларға шығып, көрермендермен ой бөлісіп келеді.

“СЭ” басылымына берген сұхбатында Черчесов өз жағдайына түсіністікпен қарайтынын айтты:

“Бапкерлік жолда әртүрлі кезеңдер болады: бірде жұмыс істейсің, бірде үзіліс аласың. Қазір ештеңе өзгермеді. “Локомотивте” және басқа академияларда дәріс оқыдым. Телевидениеге де шақырып тұрады. Уақыт бәрін көрсетеді», – деді ол.

Журналистің “Жаңа ұсыныстар бар ма?” деген сұрағына Черчесов:

“Бір агенттің айтуынша, нұсқалар бар көрінеді. Егер ол солай десе, демек, көбірек білетін шығар. Қазір РБ Премиясына қатысқалы жатырмын, достармен көрісемін”, – деп жауап берді.

Бапкер футболға деген құлшынысын жоғалтпағанын атап өтті:

“Жоқ, ондай сезім болмайды. Адам өз-өзі болып қалуы керек. Егер сен лайықты болсаң – жұмыс өзі-ақ келеді”.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір