Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

1 миллион еуро мен дәретханадағы түн: Дани Алвестің сот ісі жаңа кезеңге өтті

Редактор Penalty.kz
09.04.2025, 15:08

Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвестің сот хикаясы жалғасып жатыр. Каталонияның Жоғарғы соты оны ақтап шыққанымен, прокуратура бұл шешіммен келіспей Испанияның Жоғарғы сотына апелляция түсіретінін мәлімдеді.

dynamo.kiev.ua
dynamo.kiev.ua

Оқиға 2022 жылдың 31 желтоқсанына қараған түні Барселонадағы Sutton түнгі клубында болған. Жас әйел футболшының өзін дәретханада зорлағанын мәлімдеген. Іс алғашқы сатыда қаралып, Дани Алвес 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. Ол 2024 жылдың ақпанында 1 миллион еуро кепіл төлеп, шартты түрде босатылды.

Бірақ Каталонияның апелляциялық соты футболшыны ақтап шықты. Соттың айтуынша, жәбірленушінің сөзі бейнебақылау жазбасымен сәйкес келмеген, сондықтан кінәлілігін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар табылмаған.

Сот шешімі бірқатар әйел құқығын қорғау ұйымдары мен саясаткерлердің наразылығын туғызды. Жәбірленуші тараптың адвокаты да апелляциялық шешімге шағым түсіретінін хабарлады. Оның айтуынша, бұл шешім Қылмыстық кодекс пен Конституция нормаларын бұзады, әрі зорлық құрбандарын қорғау ісіне кері әсер етеді.

Каталония прокуратурасы да шешімді әділетсіз деп санап, Жоғарғы сотқа жүгінбек. Апелляцияның негізі — "ақтау үкімі конституциялық принциптерге қайшы келеді".

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір