Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Самат Смақовтың ұлы Еуропаның топ-клубымен келісімшарт жасасты

Редактор Penalty.kz
10.04.2025, 20:50

Қазақстандық футбол аңызы Самат Смақовтың ұлы – 16 жастағы жартылай қорғаушы Аламгир Смақов Түркияның атақты клубы "Бешікташпен" ресми келісімшартқа қол қойды.

kazfootball.kz
kazfootball.kz

Аламгир – “Қайрат” академиясының тәрбиеленушісі. Ол қазақстандық футболдың болашағы ретінде қарастырылып, былтырдан бастап “Бешікташ” жүйесінде жаттығуларын жалғастырып келген. Түрік клубы оның әлеуетін жоғары бағалап, келісімшарт ұсынған.

Алайда ФИФА ережесіне сәйкес, 18 жасқа толмаған футболшылар шетелдік клубтарда ресми ойындарға қатыса алмайды. Сондықтан Аламгир Қазақстанда қалып, әзірге QJ League және “Қайрат-Жастар” командасы сапында ойын көрсетуді жалғастырады.

Аламгир Смақов қазірг Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасында ойнап жүр. Ол ұлттық деңгейде 13 матч өткізіп, техникалық дайындығы мен лидерлік қабілетімен ерекшеленіп келеді.

Айта кетейік, Аламгирдің әкесі — Самат Смақов, Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны. Қазір ол Талдықорғандық “Жетісу” клубының бас бапкері қызметін атқарады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір