Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

243 гол, 394 матч және жаңа келісім! Салах "Ливерпульде" қалады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.04.2025, 12:35

Мохамед Салах "Ливерпульмен" келісімшартты 2027 жылға дейін ұзартты.

instagram/@liverpoolfc
instagram/@liverpoolfc

Мерсисайдтықтар көшбасшысын сақтап қалды. Бұл туралы клубтың ресми баспасөз қызметі хабарлады. 32 жастағы мысырлық шабуылшының енді жаңа келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

Бұл жаңалық “қызылдардың” жанкүйерлері үшін үлкен қуаныш. Себебі Салах соңғы жылдары команданың басты қозғаушы күшіне айналды. 

Салах “Ливерпульге” 2017 жылы ауысып келді. Содан бері ол: 394 матчқа қатысып, 243 гол соқты, 111 нәтижелі пас берген.

Салах Англия Премьер-лигасының чемпионы, Ағылшын кубогы мен Суперкубогының иегері, екі рет Лига кубогының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар оның есебінде: УЕФА Суперкубогы, Клубтық әлем чемпионатының алтыны және ең бастысы — Чемпиондар лигасының жеңісі бар.

“Ливерпульдің” символына айналған Салах тек голдарымен емес, өзінің үлгілі тәртібімен, жанкүйерлермен қарым-қатынасымен және алаңдағы ұмытылмас сәттерімен де есте қалды. Оның клубпен келісімшартты ұзартуы — “Ливерпульдің” алдағы маусымдарға деген амбициясын айқындап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір