
Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) бірқатар клубы легионерлерді сатып алуға байланысты жаңа заңнамалық шектеулерден зардап шекпейді.
Наурыз айының соңында Сенат "Дене шынықтыру және спорт туралы" заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Қазір құжат Президенттің қол қоюына жіберілген.
Жаңа заң жобасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ең басты жаңалық — мемлекеттік және квазимемлекеттік қаржы есебінен шетелдік спортшылардың жалақысын төлеуге тыйым салу. Бұл шектеу әсіресе футбол, волейбол, баскетбол сияқты командалық спорт түрлеріне айтарлықтай әсер етпек.
Биылғы маусымда ҚПЛ-да 126 легионер тіркелген — әр командада орта есеппен 9 шетелдік ойыншыдан бар. Бұл туралы “Дядя Ваня” Telegram-арнасы мәлімдеді
Алматының “Қайраты” жаңа заңнама талаптарына толық сәйкес келетін жалғыз қазақстандық клуб. Бес жыл бұрын кәсіпкер Қайрат Боранбаев клубтың қалған 30% үлесін сатып алып, оны жеке меншікке айналдырған.
Клуб барлық қаржылық қажеттілігін жеке инвестициялар арқылы өтейді. Adata.kz деректеріне сүйенсек, 2024 жылы “Қайрат” 915,9 млн теңге салық төледі. Бұл көрсеткіш клубтың қаржылық тұрақтылығын дәлелдейді. Легионерлерді сатып алуда ешқандай кедергі болмайды.
Қазақстанның ең титулды клубы “Астана” да өз табысы арқылы өмір сүре алады. 2021–2023 жылдары клуб:
Бұл кірістер билет сату, жарнама, трансфер, УЕФА төлемдері және басқа да операциялардан түскен. Осы қаражаттың өзі-ақ легионерлер жалақысын өтеуге жеткілікті.
Қостанайдың “Тобылы” 2021–2023 жылдары:
Ал “Ақтөбе”:
Бұл екі клубтың қаржысы шетелдік ойыншылармен келісімшарт жасасуға жеткілікті.
“Ордабасы” клубы соңғы 2 жылда 11,9 млрд теңге мемлекеттік көмек алған. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, орташа айлық жалақы — 15 млн теңге. Бірақ жаңа заң күшіне енсе, бұл мол қаржыландыру тоқтайды.
Осы себепті аймақ билігі “Ордабасыға” қолдауды қысқартуға уәде берді. Демек, клуб демеуші іздеуге мәжбүр болады. Бұл жағдай басқа облыстық командаларға да қатысты.
2026 жылдан бастап шетелдік ойыншыларды сатып алу — тек жеке капиталға сүйенетін клубтардың мүмкіндігіне айналады. “Қайрат”, “Астана”, “Тобыл” және “Ақтөбе” сияқты клубтар жаңалыққа дайын, ал қалғандарына жаңа кезеңге бейімделу керек.