
Шымкенттің "Ордабасы" клубында капитан Асхат Тағыбергеннен де жоғары жалақы алған футболшы анықталды.
Әңгіме украиналық жартылай қорғаушы Евгений Макаренко жайлы. Оның “Ордабасыны” ресми түрде тастап кеткені хабарланды. Макаренконың жалақысы Тағыбергеннің айлығынан асып түскен. Дегенмен нақты сома жарияланған жоқ. Бұл туралы “Серый Кардинал” Telegram-арнасы мәлімдеді,
34 жастағы Тағыбергеннің қазіргі табысы бұрынғысынан әлдеқайда төмен. Қазір ол Қостанайда өнер көрсетіп жүр, ал айлық жалақысы – 6-7 миллион теңге көлемінде. Бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдегендей, “Ордабасыдаә Макаренконың айлық еңбекақысы 20 миллион теңгеге дейін жеткен.
Макаренконың келесі клубы әзірге ресми түрде жарияланбады. Себебі Қазақстан премьер-лигасында трансферлік терезе жабық. Демек, футболшы маусымның екінші бөлігінде ғана жаңа командамен келісім жасай алады.