ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады

УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/4 финалындағы қарымта кездесулер аяқталған соң, Opta суперкомпьютері турнирдің жаңа фаворитін жариялады. 

Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады
sports24.kz

Мадридтік "Реалдың" жарыстан шығуы турнир интригасын арттыра түсті. Енді басты үміткер — Лондонның "Арсеналы", оның чемпион атану ықтималдығы — 28,7%.

Opta деректеріне сүйенсек, қалған командалардың жеңіске жету мүмкіндігі мынадай:

  • "Интер" (Италия) — 25,5%
  • ПСЖ (Франция) — 24%
  • "Барселона" (Испания) — 21,8%

"Барселона" тізімнің соңында болса да, бұл клубтың Еуропадағы беделі жоғары екенін ескерсек, кез келген сәтте сенсация жасауға қауқарлы.

Мадридтік "Реал" — қазіргі Чемпиондар Лигасының иегері. Өткен маусымда олар финалда Дортмундтың "Боруссиясын" 2:0 есебімен жеңген еді. Сонымен қатар "Реал" Чемпиондар Лигасының тарихында ең көп жеңіске жеткен клуб — 15 мәрте жеңімпаз атанған.

Алайда биылғы маусымда олардың жолы ширек финалда тоқтады. Бұл өзгелерге есік ашып, жаңа чемпионның шығуына мүмкіндік бермек.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.