Қазақстандық миллиардердің клубы англиялық алыпты таза есеппен жеңді
Англияның үшінші дивизионы саналатын Лига 1-де 42-тур аясында "Уиком Уондерерс" әйгілі "Болтон Уондерерс" командасын оның өз алаңында жеңіп кетті.
Қонақтар таза есеппен – 2:0 басым түсті. Калеб Тейлор 58-минутта алғашқы голдың авторы атанса, Лю Лэхи 94-минутта нәтижені еселей түсті.
"Уиком Уондерерс" клубының иесі – қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе. Қазір клуб Лига 1 турнирлік кестесінде 84 ұпаймен екінші орында келеді. Ал "Болтон Уондерерс" 66 ұпаймен үшінші тұр.
"Болтон Уондерерс" – тек Англияда емес, бүкіл футбол тарихында өз орны бар ұжым. Бұл команда – Англия футбол лигасының негізін қалаған 12 клубтың бірі, яғни әлемдегі ең көне футбол лигасының бастауында тұрған командалардың бірі.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.