Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Нұралы Әліп: "Адиeв — мықты мотиватор!"

Редактор Penalty.kz
19.04.2025, 15:16

"Зенит" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Химкимен" өтетін матч қарсаңында Қазақстанның экс-бас бапкер Магомед Адиeв туралы шынайы пікірін білдірді.

fc-zenit.fu
fc-zenit.fu

Қазақстан құрамасының экс-бас жаттықтырушысы Магомед Адиeв "Химки" тізгінін өткен аптада қолға алды. Бұл жаңалық футбол әлемінде үлкен резонанс тудырды, себебі Адиeв Қазақстанмен жақсы нәтиже көрсеткен еді. Әліп те бұл кезеңді жылы лебізбен еске алды:

"Ол кез өте жақсы өтті. Ұлттар лигасында бірге жеңіске жеткеніміз есімде. Адиeвпен жұмыс істеу – тек қуаныш. Жаңа қызметінде тек сәттілік тілеймін. Әзірге сөйлескен жоқпыз, бірақ матчтан кейін міндетті түрде тілдесеміз", – деді Әліп клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Сұхбат барысында Нұралы бұрынғы бапкерінің кәсіби артықшылықтарына да тоқталды:

"Ол кез келген командаға бейімделіп, нақты тактика жасай алады. Жеңіске деген жігерді оята білетін нағыз мотиватор", – дейді футболшы.

Алдағы кездесуге тоқталған Әліп қарсыластың жағдайына қарамастан, барлық матчқа барынша жауапкершілікпен қарау керектігін айтты:

"Биыл қатарынан үшінші рет өз алаңымызда ойнаймыз. Әрине, басты мақсат – жеңіс. Бірақ "Химки"бірінші айналымда да бізден ұпай алған болатын. Олар қазір қандай жағдайда болса да, біз өзімізге сеніп, дайын болуымыз керек", – деді қорғаушы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір