Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Самат Смақов Қазақстан футболын сынға алды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
19.04.2025, 20:44

"Жетісу" ФК бас бапкері Самат Смақовтың жанкешті мәлімдемесі футбол қауымдастығында қызу талқыға түсті. 

Vesti.kz
Vesti.kz

Футболдан Қазақстан чемпионатының 5-турында "Жетісу" Шымкентте "Ордабасыдан" жеңіліп, ойын соңында талдықорғандықтардың бас бапкері Самат Смақов алаңнан қуылған еді. Бірақ Смақовтың басты сыны – төрешілік пен футбол федерациясы жүйесіне бағытталды:

"Бірінші тайм туралы айтсам, жігіттерге ескерткенмін: соңына дейін ойнау керек, концентрацияны жоғалтуға болмайды. Бір секунд қалғанда да гол жіберіп алуға болады. Солай болды — ортадан келген доп қақпаға жетті де, гол болды.

Екінші таймда ойын құрылымын өзгерттік, шабуылдадық, сәттер болды. Бірақ 13 адамға қарсы ойнау мүмкін емес. Бұл – таза бассыздық. Бұған дейін төрешілерді сынаған емеспін. Бірақ бүгінгі жағдай – ақылға сыймайды. Ойынға төреші тағайындап, өзі келіп, өзі басқарып отыр. Бұл адам төрешілер департаментінің жетекшісі. Мен оны төрт күн бұрын-ақ білдім.

Жарайды, мені алаңнан қуды, сары қағаз берді. Бірақ бұл — есеппен жасалған шешім. Мен үнсіз қалмаймын, бәрін ашық айтамын. Біздің футбол қайда бара жатыр? Жыл сайын жағдай нашарлап барады".

Смақовтың сөзінше, қазіргі жүйеде әділдік жоқ, ал финалдық нәтижелер алаңдағы емес, сырттағы факторлармен шешіледі:

"Мен ешқашан ойламаппын: елдегі ең бай командалардың бірі –" Ордабасы" ең кедей команданы төрешілердің көмегімен жеңеді деп. Бұл – масқара. Осындай жағдай жалғаса берсе, әлем чемпионаты түгілі, Еуропаға да шықпаймыз",— деді Смақов.

"Жетісу" 5 турдан кейін 3 ұпаймен ҚПЛ  кестесінде 11-орында. Ал "Ордабасы" 5 ұпаймен 9-орынға тұрақтады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір