ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

"Астана" Түркістанда жеңісті уыстан шығарып алды

Қазақстан Премьер-Лигасының 5-турында "Астана" "Тұранға" қарсы екі ұпайдан айырылды. 

"Астана" Түркістанда жеңісті уыстан шығарып алды
instagram/@fca.astana

Ойынның алғашқы бөлігінде, 30-минутта "Астананың" шабуылшысы Марин Томасов есеп ашты. Хорватиялық футболшы қазір Премьер-Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының бірі.

Алайда матч соңына 4 минут қалғанда "Тұран" ойыншысы Хуршидбек Мұхтаров есепті теңестіріп, елордалық клубты жеңіссіз қалдырды — 1:1.

Бұл нәтиже "Астана" үшін өте маңызды сәтсіздік болды. Жеңіске жеткен жағдайда команда 13 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұрған "Қайратқа" жақындауға мүмкіндік алар еді. Есесіне елордалықтарда бір ойын артық болатын.

"ТҰРАН" (Түркістан) — "АСТАНА" 1:1 (0:1)

Голдар: Томасов 30 (0:1), Мухторов 84 (1:1).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда: