Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қарағандылық "Шахтер" жаңа жетекшісін таныстырды

Сарапшы, спорт журналисі
22.04.2025, 21:30

U-19 Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бұрынғы бас бапкері Александр Кузнецов "Шахтер" футбол клубының жүйесіне қайта оралды.

instagram/@shakhterfc
instagram/@shakhterfc

Қарағандының "Шахтері" Instagram парақшасында Кузнецовтың жаңа қызметке тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

“ФК "Шахтерде" біз үздіктер әрдайым бір жерде болуы керек деп есептейміз. Дәл осы ұстаныммен біз Александр Евгеньевичті клубқа шақырдық. Ол бұл шақыруды қабылдады!

Бүгіннен бастап Кузнецов "Шахтер" футбол орталығын басқарады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Александр Кузнецов 2021 жылдан бері Қазақстан U-19 құрамасын жаттықтырып келді. Бірақ 21 сәуір күні ол бұл қызметінен ресми түрде кеткені жарияланған еді.

Оның жетекшілігімен жастар құрамасы Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңдеріне қатысып, жас ойыншылардың даму жолында бірнеше маңызды жобаларға атсалысты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір