Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Ордабасыдағы» былық: миллиардтар схемасы әшкере болды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.04.2025, 21:47

Құқық қорғау органдары тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, клубтың қаржы айналымына тереңірек үңілген.

inform.kz
inform.kz

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының соңғы кездегі көрсеткіші ғана емес, қаржылық ахуалы да қоғамда қызу талқыға түсіп келеді. Құқық қорғау органдары тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, клубтың қаржы айналымына тереңірек үңілген.  Бұл туралы “Бірінші бол” youtube-арнасы хабарлады. 

Прокуратура анықтаған миллиардтар

Аталған арнаның мәліметіне сәйкес, Шымкент қалалық прокуратурасының құжаттары бойынша, Асхат Тағыбергенге қатысты дау тек "айсбергтің басы" ғана екен. Бұрынғы клуб президенті Бауыржан Абдубаитов 20 миллион теңгені ай сайын тек Асхат Тағыбергенге ғана емес, тағы жиырма футболшыға беріп отырған. Бәрі қосымша келісімшарт арқылы жүзеге асқан. 

"Оның схемасы мынадай: Мысалы, украиналық легионер Артем Бесединге ай сайынғы 2 млн теңге жалақы беріледі. Клуб басшылығы бұдан көп жалақы берейін десе директорлар кеңесінің рұқсатын алуы керек. Ал, директорлар кеңесі деген Шымкент қаласының әкімі мен қалалық спорт басқармасының басшысы. Олар футболшыға ондаған миллион теңге жалақы беруге келісе ме, жоқ келіспейді. Сондықтан, Бауыржан Абдубаитов Бесединнің негізгі келісімшартына қосалқы келісімшарт жасап, футболшыға бонус тағайындайды. Ал, бонустың көлемі қанша дейсіз ғой? 18 миллион теңге, турасын айтқанда 17 955 555 теңге", - дейді жүргізуші Олжас Байбосынов “Бірінші бол” youtube-арнасында.

Осы ақпарға сай, Бауыржан Абдубаитов клубты басқарған кезде ойыншылармен 2,3 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Олардың 12-сі легионер. Келісімшарттардың басым бөлігі – қосалқы немесе «бонус» схемасы арқылы рәсімделген. Нәтижесінде бір жылда яғни 2023 жылы 1 миллиард 900 миллион теңгеге жуық қаржы төленген. Ал 2024 жылы 413 миллион теңге беріліпті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір