Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тактика емес, эмоция салтанат құратын матч

Редактор Penalty.kz
25.04.2025, 21:34

Жексенбіге ауған түні Эль-класико. Анонсты қажет етпейтін матч. Финал. Испания кубогы.

news.sportbox.ru
news.sportbox.ru

Екеуі (“Реал” мен “Барселона” – ред.) кейінгі уақытта тым жиі кездесіп кетті. Бірақ одан матчтың температурасы түскен жоқ. Әр матч – тарих. "Боларынан боладысы қызық" той сияқты емес, матчтан кейін де қызу талқы. Әңгімеге арқау, сөзбұйдаға тұздық.

Эль-класико. Ғажап бренд. Әлемді телміртіп қояды. Кафелер мен пабтар бір жасап қалады. Букмекерлер бір асап қалады. Сыра суша ағып, бәс тігу апогейіне жетеді.

Мұндай матчтарда тактика емес, эмоция салтанат құрады. Өйткені эль-класико. Мега қысым, тонна эмоция. Кім "жанып" кетпесе, сол жеңеді.

Фото: championat.com

Екі түрлі стиль – екі түрлі мәдениет. "Реал" есеппен, "Барса" жүрекпен ойнайды. "Реал" менеджмент жолын таңдаса, "Барселона" әлі футболға өнер деп қарайды. "Реал" жұлдыздары эль-класико салмағын Мадридке келіп ұқса, ЛаМасия түлектері оны ес білгеннен санасына құйып өседі.

Стиль сайысы, мәдениет шайқасы. Анық фаворит жоқ. "Барса" бірінші нөмірмен ойнайды, ал "Реал" контр жауап қатады. Бірақ бірінші салынған гол бәрін өзгертуі мүмкін.

Қазіргі "Барселона" доппен де, допсыз да өзін жайлы сезінеді. Алып та, беріп те ойнайды. Ханс-Дитер Флик тулаған творчествоға неміс дисциплинасын әкеп жамады.

Лева ойнамайды, бірақ ойынның сәнін, матчтың мәнін келтіретін Педри – Ямал – Рафинья үштігі стартта болады.

Фото: rbc.ua

"Реал" финалға аутсайдер ретінде шығып отыр. Бірақ бұл қағаз жүзінде. Практика жүзінде қызыл қағаз, пенальти, қақпашының фаталити қателігі сияқты факторлар рөл ойнап кетуі мүмкін. Винисиустың феериясы, Мбаппенің финалда әруақтанатын әдеті, Беллингемнің мінезі, Модричтің тәжірибесі, Вальверденің зеңбірекше зулайтын добы, Куртуаның сиқырлы сейві... Бәрі шешуші фактор.

Анчелоттидің тағдыры бұл матчқа қарап тұрған жоқ. Жеңсе де, жеңілсе де Папа Карлоның миссиясы аяқталды. "Реал" анық фаворит болмаған соң қысым да көп болмайды. Қысқасы, "Реал" трофей үшін есті футбол көрсетеді. Өйткені маусымды жүлдесіз аяқтау қаупі бар (Клубтар чемпионатын есепке алмағанда).

Тағы бір қауіп, "Барселона" тағы да требл жасауы мүмкін. 2009, 2015 жылы екі рет требл жасаған Испаниядағы жалғыз клуб. Тіпті, "Барса" 2011 жылы требл жасауға шақ қалған. Сол кезде "Реал" Испания кубогы финалында үстем түсіп, жолын кескен. Маусымда мүлде трофей алмаған команда үшін бұл екі есе ауыр соққы.

Мақала авторы: Жандос Байділдә

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір