Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ресейдегі матч кезінде футбол төрешісі қайтыс болды

Редактор Penalty.kz
25.04.2025, 17:58

Ресейдің Красноярк өлкесінде өткен футбол матчында Артур Иксанов есімді төреші ойын барысында кенеттен қайтыс болды.

thevoicemag.ru
thevoicemag.ru

"Металлург" футбол клубы өздерінің "ВКонтакте" желісіндегі ресми парақшасында қайғылы хабарды растады:

“Досымыз әрі тамаша адам, Артур Равильевич Иксановтың өмірден өткенін үлкен қайғымен хабарлаймыз. Ол футболшы және төреші ретінде жарқын із қалдырды. Оның футболға деген махаббаты мен адалдығы көпшілікке үлгі болды”, – делінген хабарламада.

SHOT басылымының мәліметінше, 45 жастағы Артур Иксанов Ачинск қаласындағы "Строитель" стадионында, Жеңістің 80 жылдығына арналған турнирде қызмет еткен.

Белгілі бір сәтте төреші өзін нашар сезініп, есінен танып, алаңға құлап түскен. Дәрігерлер бес минут ішінде оқиға орнына жетіп, алғашқы көмек көрсеткенімен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Алдын ала болжам бойынша, Иксановтың өліміне жүрек тоқтауы себеп болған.

Артур Иксанов үш баланың әкесі еді. Оның кенеттен өмірден өтуі отбасына, әріптестеріне және футбол қауымдастығына үлкен қайғы әкелді.

Айта кетсек, жуырда Оңтүстік Африканың "Дурбан Сити" клубының футболшысы Синамандла Зонди де матч алдында есінен танып, ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды. 22 жастағы жас ойыншыны аман алып қалу мүмкін болмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір