Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы туры аясында алматылық "Қайрат" қостанайдың "Тобылын" қабылдады.
Кездесудің төртінші минутында-ақ “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Валерий Громыко алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Жалпы алматылықтар алғашқы минуттардан шабуылда белсенді болды.
“Тобыл” бірінші таймда есепті теңестіруге бірнеше мүмкіндік алды. Алайда оларды тиімді пайдалана алмады. Екінші таймның басында “Қайрат” тағы бір шабуыл ұйымдастырып, Дастан Сәтпаевтың пасынан кейін Жоржиньо есепті 2:0-ге жеткізді.
Қонақтар да қарымта шабуылға шығып, Александр Зуевтің голының арқасында есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен матчтың қалған бөлігінде “Қайрат” басымдығын сақтап қалды.
Бұл жеңістен кейін “Қайрат” 17 ұпай жинап, турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады. Ал “Тобыл” 11 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.
“Қайрат” (Алматы) – ”Тобыл” (Қостанай) 2:1 (1:0)
Голдар: Громыко 4 (1:0), Жоржиньо 40 (2:0), Зуев 79 (2:1)
Соғылмаған пенальти: Зария 35 (штанга).