Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Ливерпуль» аңызы Сәтпаев пен Хусановтың трансферіне бағасын берді

Редактор Penalty.kz
28.04.2025, 17:19

Қазақстандық жас талант келесі жылы "Челси" сапына қосылады. 

mustafinmag.kz
mustafinmag.kz

Әлем футболының жұлдызы, «Аякс», «Ливерпуль» және Нидерланд құрамасының бұрынғы ойыншысы Райан Бабел қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың лондондық «Челси» клубына ауысуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Сәтпаевқа ақыл-кеңес

“Сіздер менің пікірімді сұрадыңыздар. Мен Дастанға «Челсидің» академиясында жаттықтырушылардың барлық кеңестерін мұқият тыңдауға кеңес беремін. Жергілікті мәдениетті тезірек меңгергені маңызды. Оның ағылшын тілін қаншалықты білетінін білмеймін, бірақ командалық ортаға бейімделуде бұл шешуші рөл ойнайды. Ең бастысы — өз күшіне сену керек. Кейде жанкүйерлердің қысымы үлкен болады, мұндай сәттерде мақсатқа шоғырлану оңай емес”, — деді Райан Бабел.

Хусановтың «Манчестер Ситиге» трансфері жайлы

Бұдан бөлек, Бабел өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановтың «Манчестер Сити» сапына ауысуына да пікір білдірді:

“Иә, мен бұл трансфер туралы естідім. Қазақстан мен Өзбекстан сияқты елдер үшін бұл өте маңызды жетістік. Егер мұндай таланттар шығып жатса, онда ірі клубтардың скауттары бұл нарыққа көбірек назар аударатын болады. Мысалы, менің бұрынғы клубым «Аякс» әрдайым жас әрі перспективалы ойыншыларды тауып, оларды жаңа деңгейге көтеруге тырысады”, — деп қосты ол.

  • Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазында «Челси» клубына қосылып, 5 жылдық келісімшартқа қол қояды.
  • Абдукодир Хусанов 2024 жылы «Манчестер Сити» сапына ауысты.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір