Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Сенсациялық трансфер": "Қайраттың" қақпашысы Қазақстанда қалуы мүмкін

Редактор Penalty.kz
05.05.2025, 15:40

Испаниялық "Пальмамен" келісімшартқа қол қойғанымен бразилиялық қақпашы Қазақстанда мансабын жалғастыруы ықтимал. Оны чемпион "Семей" өз сапына қосуды көздеп отыр.

Vesti.kz
Vesti.kz

Қазақ футзалы тағы бір тосын жаңалықпен толықпақ. "Қайраттың" негізгі қақпашысы Деннис бұған дейін испаниялық "Пальмамен" алдын ала келісімге келсе де, ел ішінде қалуы мүмкін. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстан чемпионы "Семей" ойыншыны өз қатарына тартуға бар күшін салып жатыр.

Дереккөздерге сүйенсек, "Семей" клубы Деннисті алу үшін "Пальмаға" 200 мың еуро көлемінде өтемақы төлеуге дайын. Айта кетерлігі, испаниялық команда бразилиялық қақпашыны тегін алғандықтан бұл сома олар үшін күтпеген, бірақ тиімді табыс болмақ. Клуб "шок" күйде болғанымен, трансферге қарсы емес.

Егер келісім жүзеге асса, Деннис "Семейде" екі есе жоғары жалақы алады. Бұдан бөлек, Қазақстан азаматтығын алып, болашақта ұлттық құрамада ойнауға да мүмкіндік тумақ. Бұл қақпашының мансабындағы жаңа кезеңнің бастауы болуы ықтимал.

Деннистің келуі "Семейдегі" басқа өзгерістерге де себеп болмақ. Клуб басшылығы Жаймемен қоштасуды жоспарлап отыр. Осылайша, негізгі қақпашылар ретінде Игита мен Рауан Атантаевқа сенім арту көзделуде.

Деннис 2022 жылдан бері "Қайраттың" намысын қорғап келеді. Ағымдағы маусымда ол командамен бірге UEFA футзал Лигасының финалына дейін жетіп, дәл сол "Пальмадан" жеңіліс тапты. Енді ол сол командамен келісімшарт жасасып, соған қарамастан Қазақстанда қалуы ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір