Криштиану Роналдуның ұлы Португалия құрамасына шақырту алды
Аңызға айналған Криштиану Роналдудың ұлы алғаш рет Португалияның жасөспірімдер құрамасына (U15) шақырту алды.
sport.kg
Жас футболшы Хорватияда өтетін халықаралық турнирде ел намысын қорғайды. Бұл — Роналду-кіші үшін ұлттық құрама сапындағы алғашқы ресми жарыс болмақ.
Португалия U15 құрамасы турнир аясында Жапония, Грекия және Англия жасөспірімдер құрамаларымен бақ сынасады.
Қазір Роналду-кіші Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубының балалар командасында ойнап жүр. Бұған дейін ол:
- “Посуэло” академиясында
- “Ювентус” жүйесінде
- Мадридтік “Реалдың” жасөспірімдер академиясында жаттыққан.
Ал Криштиану Роналду 2023 жылдан бері “Әл-Наср” клубының негізгі құрамында ойнап келеді. Бұған дейін ол:
- “Спортинг” (Португалия)
- “Манчестер Юнайтед” (Англия)
- “Реал Мадрид” (Испания)
- “Ювентус” (Италия) сынды алпауыт клубтардың намысын қорғаған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet