Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жеті гол, драма және қосымша уақыттағы жеңіс. "Интер" мен "Барселона" тарихи шайқас өткізді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Миландағы аты аңызға айналған "Джузеппе Меацца" стадионында Чемпиондар лигасының жартылай финалының қарымта матчы өтіп, жанкүйерлер нағыз голдар фестиваліне куә болды.

"Интер" мен "Барселона" арасындағы жауапты матч 3:3 есебімен аяқталды. Бұл нәтиже алғашқы ойынның дәл көшірмесі секілді — сол матч та 3:3 есебімен аяқталған. 

Миландық клуб сапынан Лаутаро Мартинес (21-минут), Хакан Чалханоглу (45+1 пенальтиден) және Франческо Ачерби (90+3) гол соқты. Ал каталониялықтардан Эрик Гарсия (54-минут), Дани Ольмо (60-минут), Рафинья (88-минут) мергендік танытты. 

Негізгі уақыт тең есеппен аяқталған соң командалар қосымша 30 минутқа шықты. 99-минутта Давиде Фраттези дәл соққысымен есепті 4:3-ке жеткізіп, "Интерге" финалға жол ашты. 

Миландық клуб енді Чемпиондар лигасының финалында "Арсенал" мен ПСЖ арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір