Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңартылған атқарушы комитеті жарияланды. Оның құрамына ірі бизнес, мемлекеттік құрылымдар және спорт саласының өкілдері енді. Айрықша назар аудартқан есімдердің бірі – Kaspi.kz жетекшісі Михаил Ломтадзе.
4bluescreen.kz/
Не болды?
ҚФФ жаңа құрамды бекітті. Жаңартылған атқарушы комитетке енген тұлғалардың қатарында технологиялық алпауыттар, мемлекеттік басқару жүйесінің өкілдері, сондай-ақ спорттық қауымдастықтың белсенділері бар. Бұл өзгерістер ұйымның құрылымын реформалауға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылуда.
Жаңа атқарушы құрам мүшелері:
Әсет Ерғалиев – бұрынғы Ұлттық экономика министрі, қазіргі таңда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
Михаил Ломтадзе – Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ “Колёса”, “Крыша” және “Маркет” платформаларына иелік ететін кәсіпкер. 2021 жылдан бері Forbes әлемдік миллиардерлер тізіміне кіреді. 2025 жылы 5,9 млрд доллар капиталымен 597-орынға тұрақтаған.
Гаджи Гаджиев – “SA Construction Group” компаниясының бас директоры, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті және Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті.
Нұрсұлтан Құрман – журналист, спорт менеджері, ҚФФ президентінің кеңесшісі.
Нуну Каштру – португалиялық маман, ҚФФ-ның төрелік және инспекторлық департаментінің директоры.
Вахид Масудов – бұрынғы КСРО және Қазақстан құрамасының ойыншысы, түрлі қазақстандық клубтардың бұрынғы бас бапкері (соның ішінде “Қайрат”, “Шахтер”, “Ақтөбе”, “Жетісу”, т.б.).
ФОТО: ҚФФ
Құрамдағы басқа танымал тұлғалар:
Марат Омаров – ҚФФ президенті.
Қайрат Боранбаев – Forbes.kz нұсқасы бойынша 2021 жылы Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкерінің қатарында болған, Дариға Назарбаеваның құдасы.
Бегаим Қырғызбаева – “Оқжетпес” әйелдер футбол клубының бас бапкері, Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушы көмекшісі.
Қайрат Оразбеков – “Қайрат” ФК президенті, бірқатар ірі кәсіпорындардың директорлар кеңесінің төрағасы.
Кездесуде ҚФФ-ның ұйымдық және жарғылық құрылымын қайта қарау, жаңа мүшелерді қабылдау және бұрынғыларын шығару, сондай-ақ Қазақстанның Кәсіби футбол лигасының (ҚКФЛ) өкілеттіктерін тоқтату секілді мәселелер қарастырылды.
ҚКФЛ президенті енді ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі болып табылмайды. Бұл да жарғыдағы маңызды өзгерістердің бірі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet