
Примавераның жартылай финалынан кейін футбол әлемі тағы да дау-дамаймен дүрлікті. "Фиорентина" мен "Рома" жастары арасындағы матч аяқталған соң, Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Николо Дзаньоло мас күйде үлкен жанжал шығарды.
Римдік клуб оқиғаның мән-жайын терең зерттеп, жаңа ақпарат жариялады:
"26 мамыр күні кешке, "Виола Парк"стадионында өткен Примавера жартылай финалынан кейін, "Фиорентинаның" бірінші команда ойыншысы Николо Дзаньоло аккредитациясыз "Рома" жастар командасының киім ауыстыру бөлмесіне заңсыз кірді. Қасында клуб қызметкері болған".
Куәгерлердің айтуынша, Дзаньоло мас күйде болған. Ол "Романың' бөлмесінде зәр сындырған, ойыншыларды арандатуға тырысқан. Ешқандай сөз таластырмастан Маттиа Альмавиваға жұдырық жұмсап, Марко Литтиді орындыққа итеріп құлатқан. Айта кетейік, Литти жақында иығынан операция жасатқан болатын.
Жанжал салдарынан екі жас футболшыға жедел медициналық көмек қажет болды:
"Біз жас ойыншыларымызды барынша қолдаймыз." "Виола Парктағы" болған бұл жағдай – футбол мәдениетіне қайшы, орынсыз әрі адамгершілікке жат. Италия футболының беделін сақтау үшін ресми органдар тиісті шара қолданады деп сенеміз", – деп аяқталған клубтың мәлімдемесі.