"Манчестер Юнайтед" ойыншылары клуб басшылығына наразы

Сарапшы, спорт журналисі

"Манчестер Юнайтед" футболшылары клуб басшылығының шешіміне реніш білдіруде. Команда маусым соңында демалыс орнына Азия турнесіне аттанған. 

"Манчестер Юнайтед" ойыншылары клуб басшылығына наразы
talksport.com

£8 миллион – бірақ қандай бағамен?

"Қызыл сойқандардың" ойыншылары турне ұйымдастырылу себебін түсінеді – клуб бұл сапардан шамамен £8 млн (€9,5 млн) пайда табады. Алайда олар үшін бұл маусым соңындағы күткен демалыстың бұзылуына тең.

"Олар ашуға булыққан. Отбасымен уақыт өткізуге болатын күндерді коммерциялық мақсаттарға айырбастау әділетсіз", – дейді дереккөз.

2024/2025 жылғы Англия Премьер-Лигасы маусымында "Манчестер Юнайтед" бар болғаны 42 ұпай жинап, турнир кестесінде 15-орынды қанағат тұтты. Бұл клуб тарихындағы ең сәтсіз маусымдардың бірі ретінде тіркелді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір