Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әли Әлиев: "Жарақаттар ұлттық құраманың ойынына әсер етуде"

Редактор Penalty.kz
02.06.2025, 08:55

Қазақстан құрамасында жарақат мәселесі ушығып тұр. 

kff.kz
kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Беларусь және Солтүстік Македонияға қарсы ойындар алдында командадағы басты қиындықтарды атады. Оның айтуынша, жарақат алған ойыншылардың саны көбейіп, негізгі құрамға әсерін тигізуде.

Зайнутдинов пен Қасым жарақат алды

Әлиевтің айтуынша, ең маңызды ойыншылардың бірі — Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты құрамадан тыс қалды. Бұл команданың тактикалық әлеуетін төмендетіп отыр.

"Бақтиердің жоқтығы — біз үшін үлкен мәселе. Бірақ Алла қаласа, оның орнын толтыруға тырысамыз. Бұған дейін де қиын сәттерден өттік — Лихтенштейнмен, Уэльспен, Кюрасаомен кездесулерде команда берілмеді", — деді бас бапкер.

Сондай-ақ, Исламбек Қасым оқу-жаттығу жиынының соңғы күнінде жарақат алып, жамбастың бұлшықетінде бірінші және екінші дәрежелі жарақат тіркелген.

"Ол ұлттық құрамаға шын ниетімен келді. Өкінішке қарай бұл жолы көмектесе алмайды", — деді Әлиев.

Серікжан Мұжықов та толық дайын емес

Тағы бір тәжірибелі ойыншы Серікжан Мұжықов та құрамға шақырылғанымен, ол өзін 100 пайыз дайын емес екенін жеткізген.

"Жиында тәжірибе жасап, тәуекелге бара алмаймыз. Тек физикалық және психологиялық тұрғыдан толық дайын футболшыларға сенім артамыз", — деп түсіндірді бапкер.

Алда – маңызды ойындар

5 маусымда Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 9 маусымда Солтүстік Македонияға қарсы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу ойыны өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір