Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Ол жақта да айырады!" – Қуат Хамитов Қазақстан футболына үкім шығарды!

Редактор Penalty.kz
06.06.2025, 14:26

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов әлеуметтік желіде Қазақстан құрамасының Азияға оралу ықтималдығына қатысты пікір білдіріп, шындықты ашық айтты.

Ulyssport.kz
Ulyssport.kz

Қазақстандық ММА спортшысы Қуат «Найман» Хамитов ұлттық құраманың болашағына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, футболдан Қазақстан құрамасы Азия аймағына оралса да, нәтиже өзгере қоймайды.

“Азияға қайтып барамыз ба?”

Қуат Хамитовқа Instagram желісінде «Мүмкін Азияға қайтармыз? Не дейсің, бауырым?» деген сұрақ қойылды. Бұл пікір Қазақстан құрамасының 2002 жылдан бері УЕФА мүшесі болуына қарамастан, Азия аймағына қайта өту туралы әлеуметтік желілерде туындаған талқылауға байланысты айтылған. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

Хамитов бұл сұраққа қысқа да нық жауап қайырды:

«Ол жақта да біздікілерді айырады», – деп жазды спортшы.

Өзбекстан алғаш рет ӘЧ-ке жолдама алды

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2002 жылдан бері УЕФА аясында ойнап келеді. Ал көршілес Өзбекстан құрамасы 1994 жылдан бері Азия футбол конфедерациясының (АФК) мүшесі саналады. Жуырда өзбектер тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алып, тарихта жаңа парақ ашты.

Чемпионат 2026 жылы өтеді

Келесі футболдан әлем чемпионаты – 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексика елдерінде ұйымдастырылады. Азия аймағынан қатысушылар саны артқан сайын, Қазақстанның АФК-ке оралу мүмкіндігі жиі талқылана бастады. Алайда Хамитовтың пікірі бұл қадамның да үлкен өзгеріс әкелмейтінін меңзейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 6
👎 1
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір