Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

ӘЧ жолдамасы: Өзбек футболшыларының қандай атақ алатыны белгілі болды

Редактор Penalty.kz
06.06.2025, 17:07

Өзбекстан құрамасының жетістігі үшін футболшыларға көлік, құрмет атағы және қаржылай сыйлық та уәде етілді.

sportaran.com
sportaran.com

Өзбекстан құрамасы футбол тарихында алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алып, елін қуанышқа бөледі. Осы тарихи жетістік үшін футболшыларға берілетін марапат та белгілі болды. 

5 маусым – Өзбек футболы үшін тарихи күн

2025 жылдың 5 маусымында Өзбекстан ұлттық құрамасы Абу-Дабиде БАӘ құрамасымен тең ойнап, тұңғыш рет ФИФА Әлем чемпионатына жолдама иеленді.

Өзбек БАҚ-тарының хабарлауынша, құраманың барлық ойыншыларына BYD Champion маркалы автокөлік сыйға тартылмақ. Сонымен қатар, ұлттық құрама ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамы «Өзбекстан мақтанышы» (Uzbekiston iftixori) атағына ие болады.

Президенттің жеке құттықтауы

Матчтан кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев командамен тікелей байланысып, ризашылық пен мақтаныш сезімін білдірді. Ол бұл жетістік – ойыншылардың жанкештілігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

Қосымша қаржылай сыйақы да күтілуде

БАҚ мәліметінше, футболшылар автокөлік пен марапаттардан бөлек, ақшалай сыйақыға да ие болады. Бұл — ұлттық құраманың бұрын-соңды болмаған жетістігі үшін көрсетілетін жоғары деңгейдегі құрмет белгісі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір