Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жаңа Месси "Барсаға" емес, "Реалға" ауыспақ! ПСЖ-дан да бас тартты

Редактор Penalty.kz
06.06.2025, 17:51

16 жастағы жартылай қорғаушы мадридтік клубқа 45 миллион долларға ауысқалы отыр.

chelseablues.ru
chelseablues.ru

Аргентина футболының басты таланттарының бірі саналатын Франко Мастантуоно жақын арада Мадридтің «Реал» клубына ауысқалы жатыр. Бұл туралы футбол инсайдері Фабрицио Романо хабарлады.

Келісім жасалды: Мадрид жеңімпаз

Романоның мәліметінше, «Реал» мен Мастантуоно жеке келісімнің барлық шарттары бойынша толық келісімге келді. Бұған дейін аргентиналық жартылай қорғаушыны ПСЖ да өз сапына қосқысы келген, бірақ футболшы таңдауын Испаниядан жасаған.

Келісімшарт 2031 жылға дейін жасалады. «Ривер Плейт» клубы бұл трансфер үшін 45 миллион доллар алады.

Месси мен Мастантуоно

Футбол жанкүйерлері Мастантуононы жаңа Месси деп жиі атайды. Себебі екеуі де:

  • Аргентиналық;
  • Шамамен бойлары бірдей;
  • Солақай;
  • Аргентиналық лигада ойнаған;
  • Жас кезінде ұлттық құрамаға шақырту алған;
  • Енді Ла Лигада ойнайтын болады – тек Мессиден айырмашылығы, «Барселонада» емес, «Реалда».

Ұлттық құрамадағы тарихи дебют

Мастантуоно жуырда Аргентина құрамасы үшін Чилиге қарсы ресми матчта (1:0) 84-минутта алаңға шықты. Осылайша ол әлем чемпиондары құрамында ресми матчқа қатысқан ең жас футболшы атанды.

Ал бейресми, яғни жолдастық матчтар бойынша мұндай рекорд Диего Марадонаға тиесілі: ол 16 жас 3 айында ұлттық құрамада дебют жасаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір